Жасанды интеллект пен визуалды аналитиканың озық әдістері
Сипаттама: Пән ақпараттық жүйелер саласындағы күрделі ғылыми-зерттеу және қолданбалы міндеттерді шешуге арналған жасанды интеллект пен визуалды аналитиканың заманауи әдістерін зерттеуге бағытталған. Курс аясында машиналық оқыту, терең оқыту және интеллектуалды деректерді талдаудың теориялық негіздері мен озық технологиялары қарастырылады. Сонымен қатар деректерді визуалды ұсыну, зерттеу және интерпретациялау әдістері оқытылады, бұл жасырын заңдылықтарды анықтауға және шешім қабылдау үдерістерін қолдауға мүмкіндік береді. Пәннің практикалық-бағдарланған сипаты интеллектуалды модельдерді әзірлеу мен бағалауды, деректер мен аналитикалық өңдеу нәтижелерін визуализациялауды, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізу үшін заманауи бағдарламалық платформалар мен жасанды интеллект құралдарын қолдануды қарастырады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Ақпараттық процесстерді талдау және модельдеу
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 75 |
| СӨЖ | 30 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер