Тау-кен ісіндегі қазіргі заманға сай мәселелер
Сипаттама: Пән магистранттардың тау-кен өнеркәсібінің қазіргі заманғы сын-қатерлері мен даму үрдістері туралы білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Курс аясында пайдалы қазбалар кен орындарын игерудің өзекті ғылыми-техникалық, технологиялық, экологиялық және экономикалық мәселелері, цифрландыру, автоматтандыру, өнеркәсіптік қауіпсіздік, жер қойнауын ұтымды пайдалану және тау-кен кәсіпорындарының тұрақты дамуы мәселелері қарастырылады. Пәнді меңгеру зерттеушілік құзыреттерді және қазіргі жағдайларда тиімді инженерлік шешімдер қабылдау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Кредиттер саны: 4
Пререквизиты:
- Кенді және кенді емес кенорнындарын жер асты қазбалау технологиясы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 45 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Магистранттардың тау-кен ісіндегі заманауи ғылыми-техникалық, технологиялық және экологиялық мәселелерді талдау, сондай-ақ инновациялық және цифрлық технологияларды қолдану арқылы оларды шешудің тиімді жолдарын негіздеу қабілетін қалыптастыру.
Міндет
- тау-кен ісінің заманауи даму үрдістері мен өзекті мәселелерін зерделеу; тау-кен өндірісіндегі технологиялық және техникалық мәселелерді талдау әдістерін меңгеру; кен орындарын игерудің заманауи және инновациялық технологияларын зерделеу; тау-кен техникалық міндеттерін шешуде цифрлық технологиялар мен модельдеу әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру; технологиялық шешімдердің тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігін бағалау қабілетін дамыту; Қазақстанның тау-кен өндіру кәсіпорындарының жағдайларына сәйкес ұтымды шешімдерді ғылыми тұрғыдан негіздеу және таңдау дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- 1. Жобалаудың жалпы принциптерін, жобалауды ұйымдастыру түрлерін, тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттерін және массивтің күйін басқару әдістерін, жобалық құжаттаманың мазмұнын, инженерлік жобалау әдістерін, САПР-ды білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- 1. Тау-кен ісіндегі объектілер мен технологиялық процестерді модельдеу мақсатында кешенді инженерлік қызметте жаратылыстану ғылымдарының негізгі заңдарын, математикалық талдау және модельдеу әдістерін, теориялық және эксперименттік зерттеу негіздерін қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- 1. Жобалау-конструкторлық жұмыстарды орындау, өз бетінше жобалау, тау-кен геологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Ұжым мүшесі немесе жетекшісі ретінде тиімді жұмыс істеу, жұмыс нәтижесі үшін жауапкершілік таныту және тау-кен ісіндегі кәсіби міндеттерді шешу үшін ақпаратты алу, өңдеу және сақтау әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- 1. Қолданыстағы зерттеу әдістерін жетілдіру және озық әдістерді енгізу, техника мен технологияны жетілдіруге бейімділік пен икемділік таныту, тау-кен ісі саласындағы ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін пайдалану.