Басқару технологиялары және басшылық ету дағдылары
Сипаттама: Пән қазіргі заманғы менеджмент, көшбасшылық және басқарушылық шешімдер қабылдау саласындағы кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында заманауи басқару технологиялары, стратегиялық және операциялық басқару, персоналды басқару, ұйымдық өзгерістерді басқару, коммуникациялар және командалық жұмысты ұйымдастыру әдістері қарастырылады. Пәнді меңгеру цифрлық трансформация және қарқынды өзгеріп отыратын сыртқы орта жағдайында көшбасшылық қасиеттерді, аналитикалық ойлауды және тиімді басшылық жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Кредиттер саны: 3
Пререквизиты:
- Кәсіпкерлік
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 15 |
| СӨЖ | 45 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер