Металлургия және металтанудың заманауи проблемалары
Сипаттама: Курс түсті металдар өндірісі және конструкциялық қорытпаларды жасау саласындағы өзекті ғылыми-техниқалық міндеттерді талдауға арналған. Металдардың тазалығын арттыру, құрылымын модификациялау, термомеханикалық өңдеу және материалдардың экстремалды жағдайларға төзімділігі мәселелері қарастырылады. Пән өндірістік ақауларды анықтау, материалдарды таңдауды негіздеу және кешенді материалтану сараптамаларын жүргізу дағдыларын қалыптастырады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Термиялық және химиялық-термиялық өңдеудің теориясы мен арнайы тараулардың теориясы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 75 |
| СӨЖ | 30 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | ауызша |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәнді: Түсті металдар металлургиясындағы және металтану саласындағы жай-күйі мен проблемалары туралы білім алушыларға қазіргі заманғы ақпаратты ұсыну.
Міндет
- Білім алушыларда перспективалы технологиялар негізінде оларды шешуді қоса алғанда, түсті металдар өндірісі мен металтану қазіргі заманғы проблемаларын шолу және талдау дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Металлургия саласында жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу және стратегиялық шешімдер қабылдау
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Білім алушы білуі тиіс: түсті және сирек металдар өндірісінің қазіргі жай-күйін, өндірістегі проблемаларды және осы проблемаларды шешу жолдарын.
- Білімді түсті металдар мен олардың қорытпалары өндірісінің жай-күйі мен даму перспективаларын талдау процесінде қолдануға болады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Оқыту нәтижесінде білім алушыларда эксперименттер нәтижелерін де, металл өндірісінің технологиялық процестерін де талдау бойынша біліктер мен дағдылар қалыптасады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Командада жұмыс істеудің коммуникативтік қабілеттерін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Білім алушы білімді өз бетінше арттыруға қабілетті болуы тиіс. Оқыту нәтижесінде білім алушыларда эксперименттер нәтижелерін де, металл өндірісінің технологиялық процестерін де талдау бойынша біліктер мен дағдылар қалыптасады.