Эксперименттік деректерді талдаудың статистикалық әдістері
Сипаттама: Пән эксперименттік деректерді статистикалық талдаудың теориялық және практикалық негіздерін қарастырады. Деректерді жинау, өңдеу, ықтималдық теориясы, статистикалық гипотезаларды тексеру, корреляциялық және регрессиялық талдау әдістері, сондай-ақ нәтижелердің сенімділігін бағалау мәселелері оқытылады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Өндірістік жүйелерді жобалау және басқару
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 75 |
| СӨЖ | 30 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Эксперименттік деректерді статистикалық талдау әдістерін меңгерту және оларды ғылыми зерттеулер мен инженерлік есептерді шешуде қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Міндет
- Ықтималдық теориясы мен математикалық статистиканың негізгі ұғымдарын меңгеру. Эксперименттік деректерді өңдеу және талдау әдістерін игеру. Статистикалық гипотезаларды тексеру және нәтижелердің сенімділігін бағалау. Корреляциялық және регрессиялық талдау әдістерін ғылыми және инженерлік зерттеулерде қолдану.