Математиканың іргелі бағыттарының өзекті мәселелері

Мукашева Роза Урумкановна

Оқытушының портфолиосы

Аменова Фарида Сейткумаровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Бұл пән шеңберінде математиканың іргелі бөлімдерінің қазіргі теориясының мәселелері қарастырылады: Соболев кеңістіктері, енгізу теоремалары, Соболев кеңістіктеріндегі шекаралық есептердің шешілімділігі, қатаң гиперболалық операторлар және Адамар шарттары, стохастикалық дифференциалдық теңдеулер, және оларды зерттеу үшін жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді. Математиканың іргелі бөлімдері бойынша практикаға бағытталған оқыту әдістері мен технологиялары қалыптастырылады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Талдау, сандық және жуықтау теориясы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Математиканың төңiрегiндегi қазiргi бiлiмдерді алу, бiлiм мен ғылымның көкейкестi және өзекті есептерiн жүйелi түсiну, сонымен бiрге кең дәрежеде ғылым және техника есептерiн қазiргi математикалық аппаратты қолдана отырып шешу.
Міндет
  • топологиялық кеңістікті меңгеру, анықтамалар мен мысалдар; • бөлінгіштік, компактылық, сепарабельдік қасиеттерін меңгеру; • диффузиялық процесстерді меңгеру; • дискреттік математика топологиясын меңгеру; • спектральдық теореманы дәлелдеу; Колмогоровтың кері және тура теңдеулерін қарастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Математикалық талдау, функционалды талдау, конструктивті үлгілер, математикалық логика, дифференциалдық теңдеулер теориясы, математикалық физика теңдеулері, басқару теориясы, есептеу математикасының заманауи қазіргі әдістерін түсіну және білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Математика облысында жаңа ғылыми есептерді қою; ғылым мен техниканың әртүрлі есептерін шешу кезінде заманауи математикалық әдістерді қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қолданбалы есептерді шешуде жаңа математикалық логика, алгебра және сандар теориясы саласында идеялар, алгебра және математикалық логика әдістері мен нәтижелерді қолдана білуді және математикалық есептеулерді тұжырымдау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Шетел тілінде ғылыми әдебиеттерді оқу; ғылыми-зерттеуде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Заманауи ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың көмегімен қолданбалы есептерді қойып және оларды шешу қабілеттілігі