Ғылыми зерттеу әдiстері
Сипаттама: Пән ғылыми зерттеулердің әдіснамасы, жоспарлануы және жүргізілуі саласында жүйелі білім мен практикалық дағдыларды қалыптастырады. Пән аясында ғылыми мәселені қою, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау, ғылыми гипотезаларды тұжырымдау, теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін таңдау және негіздеу, ғылыми экспериментті жоспарлау, эксперименттік деректерді өңдеу және талдау, алынған нәтижелердің дұрыстығы мен қайталанымдылығын бағалау мәселелері қарастырылады. Ғылыми деректерді өңдеудің заманауи цифрлық технологиялары мен құралдарын қолдануға, зерттеу нәтижелерін интерпретациялауға, сондай-ақ ғылыми қызмет нәтижелерін ғылыми жарияланымдар және басқа да ғылыми өнімдер түрінде ұсынуға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, пән аясында ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті ұйымдастыру негіздері, Қазақстан Республикасының патенттік заңнамасы, зияткерлік меншікті қорғау және ғылыми зерттеулер нәтижелерін инновациялық қызметте пайдалану мәселелері қарастырылады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Зерттеулердің физикалық әдістері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 75 |
| СӨЖ | 30 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Докторанттарға ғылыми әдістмелермен таныстыру, ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру бойынша түсінік беру, ғылымның негізгі даму заңдары бойынша негізгі бағыттарды көрсету.
Міндет
- Докторанттарды ғылымның неізгі даму кезендерімен таныстыру, ғылым мектептері, олардың практикалық және теориялық жұмыстары.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- -ғылым мен ғылыми-техникалық қызметті ұйымдастыру құрылымы, инновациялық қызмет туралы.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- - зияткерлік меншік құқығы туралы, Авторлық және сабақтас құқық саласындағы Білім, ҚР Патенттік заңнамасы туралы.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- автоматтандыру және басқару саласымен байланысты контексте және кең (немесе пәнаралық) салаларда жаңа немесе таныс емес жағдайларда мәселелерді шешу үшін білімді, түсінуді және қабілетті қолдану.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- өзгерістер динамикасы жағдайында әлеуметтік, экономикалық, кәсіби рөлдердің, географиялық және әлеуметтік ұтқырлықтың өзгеруіне дайындық, оқуды өз бетінше жалғастыру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- кәсіби салада және жалпы қоғамда, оның ішінде шет тілінде коммуникацияларды жүзеге асыру, қолданыстағы техникалық құжаттаманы талдау және дербес әзірлеу, Автоматтандыру және басқару саласындағы кешенді инженерлік қызметтің нәтижелерін нақты баяндау.