Көлік саласындағы ғылыми зерттеулер
Сипаттама: Тұрақты даму және экологиялық қауіпсіздік үрдістеріне сәйкес көлік саласындағы теориялық және эксперименталды зерттеулерді қарастырады, автокөлік техникасының өмірлік циклінің әртүрлі сатыларында ғылыми зерттеулер әдіснамасының ұғымдық аппаратын меңгереді. Автокөлік техникасын жобалау, өндіру және пайдалану кезінде зерттеу әдістерін; статистикалық және ақпараттық материалдарды талдау және синтездеу; АКТ математикалық және физикалық модельдерін құру; ғылыми зерттеулер әдіснамасы және эксперимент теориясы; АКТ зерттеу кезінде математикалық теңдеулердің арнайы есептерін шешу әдістерін зерттейді.
Кредиттер саны: 4
Пререквизиты:
- Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 15 |
| СӨЖ | 60 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | ауызша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пәнді оқытудың мақсаты көлік және автокөлік техникасы саласында зерттеу жүргізу үшін ғылыми және кәсіби білімдері мен дағдыларын қалыптастыру.
Міндет
- Пәнді оқытудың міндеттері: - магистранттарға ғылыми ойлауды қалыптастыру; - көлік және автокөлік техникасының тиімділігін арттырудың қолданбалы міндеттерін шешу үшін негіз болатын нысандардың қасиеттерін зерттеудің әдіснамасының негізгі ережелері туралы түсінік қалыптастыру; - зерттеу нысаны туралы ақпаратты алу тәсілі ретінде сараптамалық зерттеудің ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздерін зерделеу; - автокөлік техникасының тиімділігін арттыру, техниканың аралық салалары арасында оны жасау, шығару және пайдалану технологиясын жетілдіру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- ғылыми зерттеу әдіснамасын, экспериментті жүргізу және жоспарлау әдістерін, талдау әдістерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Көлік техникасының тиімділігін арттыру үшін ғылыми зерттеу әдістерін қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- көліктің дамуының ттиімді бағыттары туралы пікір қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- ғылыми зерттеулер жүргізу барысында ақпараттық технологияларды қолдану
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- ғылыми зерттеудің негізгі ұғымдарын, ережелерін, әдістерін, тәсілдерін, сараптамалық зерттеуді өткізу әдістемесі мен оны ұйымдастыру түрлерін білуі тиіс; ғылыми және инженерлік-қолданбалы есептеулерді негізінде орындай алулары тиіс;талдау қорытындыларын синтездеу негізінде қорытынды шағару; көлік техникасының қасиеттері мен күйін басқару бойынша ғылыми ережелерді тұжырымдау дағдылары болуы тиіс.