Құрылыс жобаларын инвестициялық талдау

Рахимбердинова Мадина Умаргалиевна

Оқытушының портфолиосы

Гранецкий Владимир Николаевич

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән магистранттардың құрылыс жобаларының тиімділігі мен инвестициялық тартымдылығын бағалау саласындағы кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында инвестициялық талдау әдістері, жобалардың құнын және тәуекелдерін бағалау, ақша ағындарын болжау, экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеу, сондай-ақ құрылыс жобаларын басқарудың заманауи талаптарын ескере отырып инвестициялық шешімдерді негіздеу мәселелері қарастырылады. Пәнді меңгеру инвестициялық жобаларды кешенді бағалау және тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Экономикалық теория

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • студенттер мен магистранттардың құрылыс жобаларын инвестициялық талдау, осы салада басқарушылық шешімдер қабылдау саласында экономикалық білім алу, сондай-ақ құрылыс жобаларын жобалау және бағалау, оларды қаржыландыру тәсілдерін таңдау бойынша практикалық дағдыларды игеру.
Міндет
  • студенттердің барлық инвестициялық - қаржылық категориялар мен ұғымдар туралы теориялық дайындығын қамтамасыз ету, оларға әлеуметтік-экономикалық мазмұны мен мәнін түсіндіру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • құрылыс жобаларын инвестициялық талдаудың негізгі санаттарының мазмұнын; Кәсіпорынның инвестициялық қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік актілерді; "жобаларды инвестициялық талдау" ұғымын және инвестициялық жобаның өмірлік циклінің мазмұнын; инвестициялық жобаларды экономикалық бағалау әдістерінің мазмұнын білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • тиімді инвестициялық жобаларды таңдау бойынша шешім қабылдай білу; инвестициялық жоба жасау немесе оны әзірлеуге қатысу; инвестициялардың тиімділігін бағалау үшін ақпараттық және компьютерлік технологияларды пайдалану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Арнайы экономикалық терминдерді, кәсіпорынның инвестициялық қызметінің тәуекелін талдау әдістемесін, инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістемесін меңгерулері керек. Белгісіздік жағдайында шешімдерді қабылдауға қабілеттілігі және оған деген жауапкершлік.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Пікір аламсуда өзін өзі игеруге қабілеттілігі, комммуникациялық жағдайларда дұрыс шешім қабылдау және бейімделе білу қабілеті, оз ойын сауатты құрастыра білуі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіптік қызмет үшін қажетті жаңа арнайы білім алу дағдысын меңгере білу және магистратурада білімдерін жалғастыру. Жеке басының өсуіне және кәсіптік өсуіне тырысуы.