Фирма экономикасы (ілгерленген курс)

Сорокина Людмила Ивановна

Оқытушының портфолиосы

Рахимбердинова Мадина Умаргалиевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән қазіргі фирманың бәсекелі және өзгермелі нарықтық ортадағы экономикалық қызметінің теориялық және практикалық аспектілерін тереңдетіп оқытуға бағытталған. Пән аясында ресурстарды қалыптастыру және тиімді пайдалану, шығындарды басқару, қаржылық-экономикалық нәтижелерді бағалау, инвестициялық қызмет, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және ұйымның тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады. Пәнді меңгеру аналитикалық ойлау қабілетін дамытып, стратегиялық және жедел басқарушылық шешімдер қабылдау құзыреттерін қалыптастырады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Экономикалық теория

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Курстың негізгі мақсаты магистранттардың бойына нарықтық қарым-қатынас жағдайларындағы негізгі субьект болып табылатын кәсіпкерлік қызмет пен фирма туралы ұғымдарды жүйелі әрі толыққанды тұрғыда қалыптастыру.
Міндет
  • Ғылымды оқыту барысындағы туындайтын міндеттер: негізгі нарықтық типтегі фирмалардың қызмет ету заңдылықтары мен принциптеріне қатысты негізгі қызмет түрлерін түсіндіру,нарықтың жалпы заңдылықтары мен принциптеріне қарамастан түрлі уақыт шектеріндегі фирманың экономикалық қызметінің табиғатын түсіндіру, кәсіпкерлікті ұйымдастыру барысында міндеттер мен мақсаттарды анықтау бойынша тәжірибелерді жинақтау, және өздігінен нәтижелі әрі әкімшілік шешімдерді өздігінен құрастырып, шешу, нақты мәселелерді шешу барысында туындайтын теориялық білімдер мен практикалық танымдарын қажетінше пайдалануға үйрету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • негізгі экономикалық категориялар, түсініктер мен ұлттық шаруашылықтың түрлі салаларында кездесетін түрлі ерекшеліктер мен түсініктер туралы сонымен қоса экономикалық категориялары туралы білімдерді қалыптастыру, қаржылық, еңбек және материалдық ресурстарды нәтижелі түрде пайдалануды қамтамасыз етуші экономикалық жағдайлар мен оған әсер етуші факторлар туралы да толыққанды білім беру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Нарықтық типтегі фирмалардың қызмет ету заңдылықтары мен принциптерінің арасындағы айырмашылықтарды аңғарту, сонымен қоса барлық түсініктер мен білімдерін пайдалану, әлдеқайда нәтижелі басқарушылық шешімдерді табу барысындағы мүмкіндіктердің бар немесе жоқтығын анықтай білуге үйрету.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Нарықтық ортадағы фирма қызметінің қалыптасу барысындағы негізгі жалпы заңдылықтарлы анықтай білу, практикалық тұжырымдамаларды фирманың қызметін күшейту барысында пайдалану.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Коммуникативтік ерекшеліктер: нәтижелі экономикалық шешімдерді қабылдау барысында жұмысты ұйымдастыру қабілеттерін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Оқыту барысында қажет болып табылатын тәжірибелік құндылықтар: оқыту барысында берілген дағдылар мен түсініктерді дұрыс әрі тиімді пайдалана білу сонымен қатар түрлі экономикалық оқиғалар мен мәселелерді маман ретінде шешім қабылдау қабілетін арттыру.