Интегралдық және микропроцессорлық сұлбатехника
Сипаттама: Пән логика алгебрасының негіздерін: аксиомалар, тепе-теңдіктер, теоремалар, сондай-ақ логикалық элементтер мен ТТL және КМОП интегралдық микросхемаларының негізгі элементтерін қамтиды. Типтік комбинациялық және тізбекті сұлбалар, тұрақты жады құрылғылары, тікбұрышты импульстерді қалыптастырушылар мен моновибраторлар қарастырылады. Микропроцессорлық жүйелердің архитектурасы, микропроцессордың құрылымы мен оның негізгі тораптары зерттеледі. Интегралдық сұлбалар негізінде цифрлық техниканың тораптарын құру мысалдары келтіріледі.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Медициналық электроника
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- «Интегралды және микропроцессорлық схемалар» пәнін оқудың мақсаты студенттерді цифрлық интегралдық микросхемалардың негіздерімен және оларды тәжірибеде қолданумен таныстыру болып табылады.
Міндет
- Технологиялық қондырғыларды автоматты басқару жүйелерінің элементтері мен жүйелерін құру және пайдалану саласында өндірістік және ғылыми-зерттеу жұмыстарына мамандарды даярлау.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Медициналық жабдықтардың параметрлерін есептеуге арналған материалдарды, компоненттерді, жабдықтарды, алгоритмдер мен бағдарламаларды тиімді пайдалануды ұйымдастыруды түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Цифрлық интегралдық элементтердің жұмыс істеу принциптерін, олардың жіктелуі мен таңбалануын, принциптік сұлбалардағы шартты графикалық белгіленуін, интегралдық орындалудағы зерттелетін функционалдық тораптардың құрылымын, олардың параметрлерін, цифрлық автоматтар негізінде құрылған құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін, тәжірибеде кездесетін интегралдық схемаларға негізделген типтік құрылғыларды есептеу әдістерін, сондай-ақ микропроцессорлық жүйелердің құрамы мен мақсатын түсіну.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Интегралдық және микропроцессорлық техникамен жұмыс істеу, қойылған міндеттерді шешу үшін техникалық әдебиеттер мен анықтамалықтарды пайдалану, зертханалық жұмыстарды орындау барысында эксперименттік зерттеулер жүргізу, сондай-ақ интегралдық микропроцессорлық техника негізінде өлшеу аспаптарының тораптарын және технологиялық қондырғыларды автоматты бақылау мен басқару жүйелерін жобалау дағдыларына ие болу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Жеке және команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істей алу, сондай-ақ пәнаралық жобаларды қоса алғанда, орындаушылардың жекелеген топтарына жетекшілік ету дағдыларын көрсету қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Кәсіби ортада және жалпы қоғамда тиімді коммуникация жүргізу, қолданыстағы техникалық құжаттаманы талдау және өз бетінше техникалық құжаттама әзірлеу; кешенді инженерлік қызмет нәтижелерін нақты баяндау және оларды қорғау қабілеті.