Медициналық мақсаттағы электронды құрылғылар мен жүйелер

Кунапьянова Маржан Советхановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән диагностикалық құрылғыларды, терапиялық аппараттарды, имплантацияланатын сенсорларды және бионикалық протездерді қоса алғанда, медициналық аспаптар мен жүйелерді әзірлеу, орнату, қолдану, пайдалану және техникалық қызмет көрсету мәселелерін қамтиды. Медициналық электрондық құрылғылардың жұмыс істеу қағидаттары, жобалануы, бапталуы, сынақтан өткізілуі және техникалық жай-күйін бақылау әдістері, сондай-ақ олардың сенімділігі, қауіпсіздігі және нормативтік талаптар мен стандарттарға сәйкестігі қарастырылады. Білім алушылар медициналық жабдықтарды диагностикалау, мониторингтеу, сынақтан өткізу, жұмысқа қабілеттілігін және техникалық жай-күйін бағалау үшін бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру құралдарын қолдану әдістерін меңгереді. Медициналық техниканы қауіпсіз пайдалану, пациенттер мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сондай-ақ ауруларды диагностикалау мен емдеуде заманауи электрондық технологияларды қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Кредиттер саны: 6

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • студенттерге медициналық қолданбаларда қолданылатын электрондық жүйелер мен құрылғыларды жобалау, талдау және пайдалану үшін қажетті терең білім мен практикалық дағдыларды беру. Курс теориялық негіздерін, практикалық аспектілерін және медициналық электроникада қолданылатын заманауи технологияларды қамтиды.
Міндет
  • - Негізгі білім мен дағдыларды қалыптастыру (Медициналық құрылғыларда қолданылатын электрондық компоненттер мен схемалардың жұмысының негізгі принциптері туралы түсінік беру). - Медициналық электронды құрылғыларды зерттеу - биомедициналық сигналдарды өңдеу (биомедициналық сигналдарды тіркеу және талдау, деректерді сүзу және визуализациялау)
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Электроника және электротехника негіздерін білу. Негізгі электрондық компоненттердің (резисторлар, конденсаторлар, индуктивтіктер, диодтар, транзисторлар және т.б.) жұмыс істеу қағидаттарын түсіну. Медициналық аспаптардың (электрокардиографтар, ультрадыбыстық аппараттар, дефибрилляторлар және т.б.) құрылымдық ерекшеліктері мен жұмыс істеу қағидаттарын білу. Әртүрлі медициналық электрондық жүйелердің жіктелуі мен функцияларын түсіну. Биомедициналық сигналдарды тіркеу, өңдеу және талдау әдістерін білу. Биомедициналық деректердің әртүрлі түрлерімен (ЭКГ, ЭЭГ, УДЗ және т.б.) жұмыс істеу қағидаттарын түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Знать и уметь применять знания и понимания - при построении электронных компонентов схем, используемых в медицинских приборах - при построении основных медицинских электронных устройств (электрокардиографов, ультразвуковых аппаратов, дефибрилляторов и т.д.) - для разработки и улучшения медицинских приборов.