Медициналық мақсаттағы жүйелерге қызмет көрсету технологиялары
Сипаттама: Медициналық техниканы техникалық қызмет көрсетудің негізгі технологиялық процестерін, метрологиялық және техникалық бақылау әдістерін, өлшеу құралдарын тексеру мен калибрлеуді, сондай-ақ медициналық жабдықтарды пайдалану кезінде өлшеулер жүргізу тәсілдерін зерттеу. Білім алушылар медициналық техниканың техникалық жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігін диагностикалау және бағалау әдістерін меңгереді, бақылау және өлшеу нәтижелерін талдайды, техникалық қызмет көрсетудің заманауи тәсілдерін және жабдықтардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету әдістерін қолданады. Медициналық жүйелердің сенімділігін, ұзақ мерзімділігін және қауіпсіздігін арттырудың тиімді әдістерін таңдау мен қолдануға ерекше назар аударылады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Инженерлік білім беруге кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәннің мақсаттары мен міндеттері: аппараттарға, медициналық мақсаттағы жүйелер мен кешендерге қызмет көрсету процесін ұйымдастыру принциптерімен танысу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Білуге тиіс: медициналық техникаға қызмет көрсетудің негізгі технологиялық процестері, медициналық техниканы тексерудің, калибрлеудің және сертификаттаудың құқықтық негіздері; аппаратураны жөндеу және реттеудің негізгі тәсілдері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Меңгеруі керек: медициналық техниканы жөндеу және қызмет көрсету процесін ұйымдастыру; аппаратураны тексеру және калибрлеуге кесте және өтінім жасау. Меңгеруі тиіс: Қазақстанда орталықтандырылған қызмет көрсетуді ұйымдастыру, медициналық техниканы тексеру, калибрлеу және сертификаттау туралы мәліметтерді.