Медициналық материалтану

Кунапьянова Маржан Советхановна

Оқытушының портфолиосы

Дёмина Ирина Александровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Медициналық мақсаттағы материалдарда өндірістік және пайдалану факторларының әсерінен жүретін физика-химиялық процестер, сондай-ақ биологиялық тіндердің медициналық бұйым материалдарымен өзара әрекеттесу қағидаттары қарастырылады. Медициналық жабдықтардың сенімділігіне, қауіпсіздігіне және ұзақ мерзімділігіне әсер ететін материалдардың қасиеттеріне сыртқы факторлардың ықпалы зерттеледі. Білім алушылар медициналық техниканың техникалық жай-күйін диагностикалау, сынақтан өткізу және техникалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын материалдардың қасиеттерін бағалау әдістерін меңгереді, сондай-ақ материалдардың қасиеттері мен оларды өңдеу және пайдалану технологиялары арасындағы байланысты анықтайды.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Инженерлік білім беруге кіріспе

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • «Медициналық материалтану» пәнін меңгеру мақсаты материалдардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеу, олардың қасиеттерін бағалау және осы білімді медициналық техникаға техникалық қызмет көрсету және жобалауда қолдану болып табылады.
Міндет
  • көптеген технологиялық және пайдалану факторларының әсерінен материалдарда болатын құбылыстардың физикалық мәнін зерттеу;
  • материалдардың құрамы, құрылымы және негізгі қасиеттері арасындағы байланысты орнату үшін білім алу;
  • медицинада қолданылатын қазіргі заманғы материалдардың негізгі топтарын, олардың қасиеттері мен қолдану салаларын зерттеу;
  • жабдықты пайдалану және жөндеу кезінде материалдарды және оларды өңдеу технологиясын таңдай білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • материалдардың құрамы, қасиеттері және мақсаты бойынша жіктелуін ата;
  • медицинада қолданылатын негізгі материалдарды ата;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • көптеген технологиялық және пайдалану факторларының әсерінен материалдарда болатын құбылыстарды сипаттау;
  • диагностика әдістерін сипаттау және медициналық материалдардың құрамы, құрылымы мен қасиеттері туралы мәліметтер жиынтығы негізінде және олардың тағайындалу критерийлеріне сәйкес таңдау;
  • медициналық және биомедициналық инженериядағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытудың негізгі мәселелері мен бағыттарын талдау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • медициналық материалдардың өндірісінің технологиялық шарттары, химиялық құрамы, құрылымы мен қасиеттері арасындағы байланысты талдау;