С++ тілінде микроконтроллерлерді бағдарламалау
Сипаттама: Бұл пән C++ тіліндегі құрылымдық және модульдік бағдарламалау негіздерін, ATmega микроконтроллерлері үшін бағдарламалар құрылымын, заманауи біріктірілген бағдарламалау орталарын, сондай-ақ Arduino IDE ортасында Arduino үйлесімді тақшаларға арналған бағдарламаларды жасау және жүктеу ерекшеліктерін зерттейді. Пәннің мақсаты – студенттерге C++ және Arduino құралдарын қолдана отырып, микроконтроллерлерді бағдарламалау және кірістірілген қосымшаларды әзірлеу бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Математика 1
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- микропроцессорлық контроллерлер негізінде автоматтандырылған басқару жүйелерінің электрондық құрылғыларын С++ тілінде бағдарламалау саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Міндет
- программалау тілдерін, бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау технологияларын оқу;
- C++ тілінде құрылымдық және модульдік бағдарламалау негіздерін меңгеру;
- заманауи интеграцияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу орталарын меңгеру;
- ATmega тобының микроконтроллерлері үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу дағдыларын алу;
- микроконтроллер тақталары негізінде жасалған автоматика жүйелерінің электрондық құрылғыларын бағдарламалық басқару дағдыларын дамыту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- микропроцессорлық контроллерлер негізінде автоматтандыру жүйелерінің электрондық құрылғылары мен аспаптары үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау кезінде аспаптық және жөндеуді әзірлеу және модельдеу құралдарын бөлектеу;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- басқару жүйелерінің микропроцессорлық контроллерлері үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу кезінде С++ тілінде құрылымдық және модульдік бағдарламалау технологияларын қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- әртүрлі өндірістік объектілерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу және енгізу процесін ұйымдастыру;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- мамандар үшін де, маман еместер үшін де автоматтандыру жүйелеріндегі микропроцессорлық кешендерді әзірлеу және пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру саласындағы ұсынылатын жобалық шешімнің мәселелері мен презентацияларын тұжырымдау;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- автоматтандырылған басқару жүйелеріне арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және пайдалану үшін C++ бағдарламалау тілін меңгеру.