Электр тізбектерінің теориясы
Сипаттама: Пәнді оқу студенттердің тұрақты және айнымалы токтың электр тізбектерін талдаудағы негізгі білімдері мен дағдыларын дамытуға бағытталған. Пән Кирхгоф заңдарын, сызықтық және сызықты емес тізбектерді есептеу әдістерін, сонымен қатар электротехникада қолданылатын заңдар мен теоремаларды қамтиды. Инженерлік есептерді шешу үшін теориялық білімді практикада қолдануға ерекше көңіл бөлінеді. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер күрделілігі әртүрлі электр тізбектерін есептей алады және олардың әртүрлі режимдердегі тәртібін талдай алады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Физика 2
- Физика 2
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Тұрақты, бір фазалы синусоидалы және синусоидалы емес периодты токтардың сызықтық электр тізбектеріндегі тұрақты процестерді, резонанстық режимдерді зерттеу және тізбектерді есептеу әдістерін зерттеу
Міндет
- Студентті әртүрлі электр құрылғыларында болатын процестердің сапалық және сандық жақтарын білу негізінде арнайы радиотехникалық пәндерді қоятын мәселелерді сәтті және сауатты шешуге дайындау
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- -негізгі физикалық құбылыстарды, электротехниканың ұғымдары мен заңдарын; - электротехникалық терминология және шартты белгілер, жұмыс принципі, конструкциясы, - негізгі электрлік құрылғылардың негізгі қасиеттері, қолдану аймақтары; - тұрақты және айнымалы токтың электр тізбектерін есептеудің негізгі заңдары мен әдістерін; - электр тізбектеріндегі резонанстық құбылыстар; - үш фазалы тізбектер;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Электр тізбектерін, олардың сипаттамаларын, режимдерін есептеудің негізгі әдістерін меңгеру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Электр тізбегін есептеу әдісін дұрыс таңдай білу, нәтижелерді оларды есептеудің басқа әдістерімен және электромагниттік өріс теориясының негізгі заңдылықтарымен салыстыру негізінде тексеру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Командада электр тізбектерінің теориясы бойынша кешенді тапсырмаларды орындай білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Электр тізбектері теориясының негізгі заңдылықтарына негізделген бейіндік пәндер бойынша жаңа білімді игеруге дайын болу