HUAWEI. Деректерді жіберу желілері

Ерсаинова Жансая Ерлановна

Оқытушының портфолиосы

Баталова Мадина Есимханкызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Аталған пән деректерді беру желілерін құру және жұмыс істеу қағидаттарын, маршрутизация және коммутация технологияларын, сондай-ақ Huawei желілік жабдықтарын баптау және басқару әдістерін зерттеуге бағытталған. Пән аясында желі архитектурасы, желілік қызметтер, деректерді беру құрылғылары және олардың функционалдық мүмкіндіктері, желілік қауіпсіздік негіздері, сондай-ақ әртүрлі күрделіліктегі желілерді жобалау мәселелері қарастырылады. Студенттер стандарттау талаптарын, сенімділік пен қауіпсіздікті, метрологиялық қамтамасыз етуді, экологиялық қауіпсіздікті, тұрақты даму және ресурстарды үнемдеу қағидаттарын ескере отырып, желілік инфрақұрылымды конфигурациялау, пайдалану және техникалық қызмет көрсету дағдыларын меңгереді.

Кредиттер саны: 8

Пререквизиты:

  • Электрлік байланыс теориясы
  • Инженерлік білім беруге кіріспе

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 45
СӨЖО 45
СӨЖ 120
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Студенттерге коммуникациялардың негізі мен желілер және олардың қызметтері туралы, сонымен қатар ақпаратты желі арқылы тарату негіздері туралы жүйелі ақпарат беру.
Міндет
  • байланыс және деректерді беру желілеріне қатысты ұғымдарды білу
  • ақпаратты беру процесін сипаттай білу
  • желілер мен топологияның әртүрлі түрлерін білу
  • знать понятия, относящиеся к проектированию сети и работе сетевых инженеров
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Ақпаратты тарату желілеріне арналған Huawei шешімдерін түсіну.
  • Коммутациялық стек технологияларының қалай жұмыс істейтінін түсіну
  • Желілік құрылғылар арқылы деректер пакеттерін қайта жіберудің толық үрдісін түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Байланыс желілеріндегі өзара әрекеттесу деңгейлерін түсіндіру үшін желілік протоколдар моделін пайдалану
  • Huawei құрылғыларын басқару және конфигурациялау
  • Желі сенімділігінің негізгі конфигурацияларын орната алу
  • Желілік құрылғылар үшін негізгі қауіпсіздік мүмкіндіктерін конфигурациялай алу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Сұрақтарды дұрыс тұжырымдау және желілік технологиялармен байланысты тақырыптар бойынша кәсіби диалогтар құру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кәсіпорын және ұйым қызметкерлерінің желілік пайдаланушыларының дағдыларын оқыту процесін ұйымдастыру бойынша коммуникациялық қабілеттерін дамыту.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Желіаралық қатынастарды ұйымдастару қабілеттілігі
  • Заманауи желілік жабдықтарды басқару мүмкіндігі.