3D ортасының модельдеу объектілерді мен визуализация
Сипаттама: Пән үшөлшемді модельдеу, визуализациялау және объектілерді анимациялау әдістерін оқытуға бағытталған. Пән аясында 3D-модельдерді құру және өңдеу технологиялары, текстуралау, жарықтандыру, рендеринг үдерістері, сондай-ақ инженерлік және қолданбалы міндеттерді шешуге арналған заманауи бағдарламалық құралдарды пайдалану мәселелері қарастырылады. Білім алушылар үшөлшемді объектілерді модельдеу мен визуализациялаудың практикалық дағдыларын меңгереді.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Оқушылардың кеңістіктегі қиялын және ойлау қабілетін дамыту
Міндет
- Қоршаған ортаны заманауи жобалау мен дамытудың негізгі құралы ретінде 3D технологияларды еркін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Күрделі көріністерді құру және камералар мен жарық көздерін орнату принциптері
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Дұрыс жарықтандыруды, камераны баптауды, жоғары сапалы материалдар жасауды және арнайы эффектілерді қолдануды қоса алғанда, жоғары сапалы көрсетілімге қол жеткізу дағдылары
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Үшөлшемді модельдерді құру кезінде зерттелген үрдістің немесе құбылыстың түсінігін қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Ұжымда ұйымдастырушылық-басқарушылық функцияларды орындау қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- 3D модельдеу процесінде жаңа білім алу дағдыларыны ие болу