Аэрокосмостық түсіру әдістері

Гусаренко Юлия Дмитриевна

Оқытушының портфолиосы

Асылханова Жанна Александровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән Жерді аэроғарыштық түсірудің принциптері мен технологиялары, кеңістіктік деректерді алу, өңдеу және интерпретациялау әдістері бойынша білім қалыптастырады. Білім алушылар спутниктік деректерді, заманауи цифрлық технологияларды, жасанды интеллект пен машиналық оқыту әдістерін геокеңістіктік ақпаратты автоматтандырылған талдау, картографиялау, кадастр, қоршаған ортаны мониторингілеу, табиғи ресурстарды басқару және жер бедерінің цифрлық модельдерін құру үшін қолдануды меңгереді.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Фотограмметрия және Жерді қашықтықтан зондтау

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Жерді қашықтықтан зондтаудың түрлі әдістерімен инженерлік-техникалық құрылымын оқып білу.
Міндет
  • Студенттерге түрлі тәсілдер арқылы ароғарыштық түсіріс жүргізудің теориялық негізін игеру және нақты есептерді шешудегі дистанционды зондтау мәліметтерін талдаудың практикалық әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Геодезиялық өлшеулер үшін қолданылатын ғарыштық геодезияның техникалық құралдарын, геодезиялық, фотограмметриялық және картографиялық аспаптарын, ақпаратты автоматтандырылған өндеу кезінде есептеуіш техникасын және құралдарын білу, олардың нәтижелерін математикалық өңдеуді білу, сонымен қатар карталарды құру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Мониторинг жүргізу мақсатында әртүрлі объектілерді геодезиялық бақылау кезінде түсірістің аэроғарыштық әдістері туралы білімді қолдану қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпаратты сараптау, әртүрлі геодезиялық өлшеулер өндірісінің әдістері туралы дәйекті қорытындылар жасау және дәйекті пайымдауды айту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымда ұйымдастыру-басқару функцияларын орындау қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • заманауи фотограмметриялық құралмен, ғарыштық түсіріс мәліметтерін өндеу кезінде компьютерлік технологиялармен жұмыс істеу дағдылары.