Геология және геоморфология негіздері

Капжапарова Жанар Зейнелкабденовна

Оқытушының портфолиосы

Асылханова Жанна Александровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Студенттердің Жер құрылымы, геологиялық процестер және тау жыныстарының қасиеттері туралы негізгі білімдерін қалыптастыру. Пән Жердің ішкі және сыртқы құрылымын, литосфераны, тектониканы, магматизмді, шөгінділерді және геологиялық процестерді зерттейді. Нәтижесі: студент геологиялық процестердің негіздерін біледі және оларды геологиялық ортаны талдау үшін қолдана алады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Геодезияның негіздері
  • География. Мектеп курсы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқытудың мақсаты: Шөгінді минералды шикізатты іздеу үшін студенттерді фациалдық талдаудың әдістеріне үйрету. Тірі ағзалардың өмір сүретін ортамен байланысын көрсету, жер бетінің өткен кезеңдерінің және олармен байланысты пайдалы қазбалардың орналасу заңдарын анықтау. Сонымен қатар геоморфология және төрттік геология саласында теориялық және практикалық білімі бар білікті мамандарды дайындау.
Міндет
  • Пәнді оқытудың міндеттері: - Көне кезеңдерден қазіргі кеге дейінгі жер қыртысының даму заңдылықтыры мен тарихын оқып – үйрету. Бедердің түрлері мен элементтері бойынша теориялық сұрақтарды зерттеу, геоморфология және төрттік геология саласындағы қазіргі жетістіктермен егжей тегжейлі танысу, геоморфологиялық карталар мен төрттік шөгінділер, карталарын,қималарын құрастыру және құру әдістерін меңгеру.