Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде апатты-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру

Васильева Ольга Юрьевна

Оқытушының портфолиосы

Азаматова Жанерке Кыдырбековна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарын әзірлеу мен енгізу, сондай-ақ авариялық жағдайларға ден қою саласындағы құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында персонал мен жабдықтар үшін тәуекелдерді төмендету, теріс салдардың алдын алу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде оңтайлы әдістерді таңдау және ұтымды шешімдерді әзірлеу мәселелері қарастырылады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Білім беру мекемелерінде оларды жүргізу ерекшеліктерін ескере отырып, авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жоспарлау, дайындау және өткізу саласында тіршілік қауіпсіздігі және практикалық дағдылар саласында теориялық білім жүйесін қалыптастыру.
Міндет
  • Пәнді оқу кезінде студенттер техносфералық қауіпсіздік саласында базалық және арнайы білімді қолдануды, табиғи және техногенді сипаттағы әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізудің әртүрлі ерекшеліктеріне бағдарлауды, ТЖ аймағында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу іскерлігін практикада қолдануды және әртүрлі іздеу құралдарын және авариялық құтқару құралдарын қолдана отырып зардап шеккендерді іздеу және құтқару бойынша практикалық жұмыстарды жүргізуді үйренуі тиіс.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Тиісті авариялық жағдайларды жою және құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті іс-шараларды, техникалық және технологиялық ресурстарды дұрыс таңдауды білу. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жолдары мен оңтайлы ұйымдастыру схемасын түсіну
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Техногендік және табиғи сипаттағы ТЖ ерекшеліктерін ажырата білу және құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстардың озық әдістерін қолдана білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Шешім қабылдау және іс-шараларды қалыптастыру кезінде ҚР қолданыстағы нормативтерін және авариялық-құтқару ісі саласындағы мемлекетаралық келісімдерді басшылыққа алу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Өзінің өндірістік және қоғамдық қызметін қажетті кәсіби құзыреттілік көлемінде кәсіби жүзеге асыруға; - өндірістік орта, авариялық немесе төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы әдістер мен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысуға;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Авариялық-құтқару ісін ұйымдастыру әдістері, жұмыстарды жоспарлау, құтқару буындарын қалыптастыру, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ байланысты тиісті техникалық құралдарды іріктеу арқылы оқыту дағдыларын іске асыру