Қоршаған орта компоненттерін тазалаудың техникасы мен технологиясы
Сипаттама: Бұл пән қоршаған орта компоненттерін - ауа, су және топырақты - ластаушы заттардан тазарту үшін қолданылатын техникалық құралдар мен технологиялардың түрлерін, олардың жұмыс істеу принциптерін, жобалау негіздерін және қолдану салаларын зерттеуге бағытталған. Студенттер тазарту жүйелерінің тиімділігін бағалауды, заманауи аппараттар мен құрылғылардың құрылымын түсінуді және оларды экологиялық қауіпсіздік мақсатында қолдануды үйренеді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Экологиялық нормалау, сараптама және жобалау
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Ауызша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Студенттерге қоршаған орта компоненттерін (ауа, су, топырақ) ластаушы заттардан тазартуға бағытталған заманауи техникалық құралдар мен технологиялар саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау қабілетін дамыту.
Міндет
- Өнеркәсіпте ауаның шаң-тозаң және газдан тазарту жүйелері мен ағынды суларды тазарту жүйелерін есептеу, жобалау және қолдану дағдыларын игеру арқылы қоршаған ортаның ластануын белгіленген нормаларға дейін төмендетіп, өндірістердің экологиялық қауіпсіздігін арттыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Асмосфераны қорғаудың техникасы мен технологиясы аясындағы нормативті-техникалық актілерді, ҚР Заңының негізгілерін білу. Асмосфераны қорғаудың техникасы мен технологиясының негізін білу қажет.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Қолданыстағы жағдайға талдау жүргізу және қолайсыз жағдайларды жою және алдын алу үшін шешім қабылдау және штаттық режимде жабдықтың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Тазалаудың техникасы мен технологияларына қатысты нормативтік-техникалық және нормативтік-экологиялық құжаттарды жасай білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Тазалау техникасы мен технологияларына қатысты нормативтік-техникалық және нормативтік-экологиялық құжаттаманы орындау. Қоршаған ортаға әсер ету компоненттерін тазарту кешенін қолданумен байланысты әлеуметтік-экологиялық жүйелердің проблемалары туралы түсінікке ие болу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Өзінің өндірістік және қоғамдық қызметін кәсіби жүзеге асыру мен тазарту және технологияларды дамыту жүйесін құру саласында әдістер мен бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Тазарту құрылғыларын, аппараттары мен жүйелерінің сызбаларын әзірлеу және жобалау әдістемесі бойынша білімді жетілдіру. Озық ғылыми таным әдістері саласындағы білімді жетілдіру бойынша оқу қабілеттілігін дамыту және оларды мәселелерді жедел шешу үшін қажетті деңгейде қолдана білу.