Орман шаруашылығындағы ГАЖ технологиясы
Сипаттама: Пән тұрақты даму мақсаттарын ескере отырып, орман ресурстарын басқаруда геоақпараттық жүйелерді (ГАЖ) және геодезиялық жұмыстарды қолдануды зерттейді. Студенттер геодеректерді жинау мен талдау әдістерін (жерсеріктік суреттер, аэрофототүсірілім, БПЛА материалдары, геодезиялық өлшеулер) және заманауи ГАЖ-платформалармен жұмыс істеуді меңгереді. Курс карталар құру, орман экожүйелерін модельдеу, ағаш қорының көлемін бағалау және табиғи үдерістерді мониторингтеу дағдыларын қалыптастырады. Арнайы көңіл жер экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру, ормандарды ұтымды пайдалану, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозу үдерістерін тоқтату және биоалуантүрлілікті сақтау мәселелеріне бөлінеді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Инженерлік білім беруге кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- «Орман шаруашылығындағы ГАЖ-технологиялар» пәнін оқытудың мақсаты – студенттердің орман ресурстарын басқаруды оңтайландыру үшін геоақпараттық жүйелерді қолданудың қағидалары мен әдістерін меңгеруіне жағдай жасау. Курс студенттердің басқару тиімділігін арттыруға және орман шаруашылығындағы процестерді оңтайландыруға, орнықты орман экожүйелерін қалыптастыруға, сондай-ақ заманауи технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану бойынша кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді меңгеру түлектердің орман шаруашылығы мен экология саласындағы еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Міндет
- «Орман шаруашылығындағы ГАЖ-технологиялар» пәнінің міндеттері – студенттерді орман шаруашылығын жүргізу барысында алынатын кеңістіктік деректерді геоақпараттық жүйелерде ұйымдастыру, сақтау, талдау және модельдеу ерекшеліктерімен таныстыру; таксация, ормандардың жағдайын мониторингтеу, оларды ұтымды пайдалану және биоалуантүрлілікті қорғау міндеттерін шешуге арналған заманауи аспаптық жүйелер мен ГАЖ-платформалардың мүмкіндіктерін қарастыру; геоинформатика мен орман шаруашылығы саласындағы ғылыми және әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- ГАЖ-технологиялардың негізгі түсініктері мен ұғымдарын – орман шаруашылығында қолдану салаларын меңгереді.
- ГАЖ-тің теориялық негіздері, құрылымы мен компоненттерін – жүйенің жұмыс принципін түсінеді.
- Орман ресурстарын басқарудағы, мониторинг пен талдаудағы ГАЖ-тің рөлін – орман шаруашылығы міндеттерін шешуде кәсіптік саласында қолдана біледі.
- Кеңістіктік деректердің түрлері мен оларды жинау, сақтау және өңдеу әдістерін – мәліметтерді жүйелеу және талдау қабілетін қалыптастырады.
- Орман шаруашылығында картографиялық материалдарды құру және пайдаланудың ғылыми-әдістемелік негіздерін – карталар арқылы шешім қабылдау тәсілдерін меңгереді.
- Студент ұшқышсыз ұшу аппараттары мен спутниктік материалдардан алынған мәліметтерді шұғыл жағдайларда орман мониторингінде қолдануды меңгереді.
- ГАЖ-технологиялардың экологиялық, экономикалық және әлеуметтік аспектілердегі маңызын – кешенді түрде бағалай алады.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Орман шаруашылығында кеңістіктік деректерді талдау үшін ГАЖ құралдарын қолдану;
- Орман карталарын құру, орман қорының жағдайын бақылау және жаңарту үшін геоақпараттық технологияларды пайдалану;
- Жергілікті жағдайды бағалау мақсатында қашықтықтан зондтау деректерін ГАЖ жүйесіне енгізіп өңдеу;
- Орман ресурстарын басқаруда ГАЖ негізінде шешім қабылдау әдістерін қолдану;
- ГАЖ бағдарламалық жасақтамасында практикалық тапсырмаларды орындау арқылы теориялық білімін бекіту;
- Орман шаруашылығындағы нақты мәселелерді шешуде (орман өрті, кесу жоспары, биоалуантүрлілікті қорғау) ГИС-технологияларды қолдана алу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Геодезиялық өлшеулердің әртүрлі түрлерін орындау тәсілдері мен олардың қолдану жағдайлары туралы ақпаратты талдап, ғылыми негізделген талдаулар мен қорытындылар жасай білу қабілеті;
- Орман шаруашылығы мониторингінің негізгі бағыттары (орман өрттері, заңсыз кесу, зиянкестер, биоалуантүрлілік, орман қорының есебі) бойынша ҰҰА мен спутниктік түсірістерден алынған деректерді бағалап, кәсіби тұжырымдар қалыптастыру қабілеті;
- Геодезиялық және ГАЖ технологиялары негізінде экологиялық және экономикалық шешімдер қабылдау үшін сыни тұрғыдан ойлау және дәлелді пікір айту қабілеті.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Ұжымда ұйымдастыру-басқару функцияларын орындау қабілеті;
- Ұжымда кәсіби пікір алмасуға және бірлескен шешімдер қабылдауға қабілеттілігі.
- Орман шаруашылығындағы геодезиялық және ГАЖ жобаларын жүзеге асыруда түрлі мамандармен тиімді коммуникация орната білу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Геодезиялық аспаптармен, заманауи өлшеу құралдарымен, ҰҰА және орман шаруашылығындағы әртүрлі кеңістіктік мониторингте қолданылатын спутниктік мәліметтерді жинау және оларды өңдеу дағдылары;
- Орман шаруашылығында жүргізілетін геодезиялық өлшеулер мен кеңістіктік мониторинг нәтижелеріне сәйкес картографиялық материалдар, жоспарлар және есептік құжаттар жасай алу қабілеті;
- ГАЖ бағдарламалық жасақтамасында практикалық дағдыларды жетілдіру және жаңа технологияларды өздігінен меңгеру қабілеті.