Жерге орналастырудағы бизнес-жобалау
Сипаттама: Курс агробизнес пен оны жоспарлаудың теориялық негіздерін, ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру қағидаттарын, аграрлық кәсіпкерліктің жұмыс істеу ерекшеліктерін, аграрлық саладағы жоспарлаудың ерекшеліктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қолданыстағы аграрлық экономиканың нормативтік-құқықтық негіздерін зерделеуге бағытталған. Студенттер келесі дағдыларды меңгереді: ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына арналған бизнес-жоспарларды әзірлеу, өндірістік-экономикалық көрсеткіштерді талдау, аграрлық өндірістің құрылымы мен мамандануын жоспарлау, ресурстарды ұтымды пайдалану, сондай-ақ агробизнесте тәуекелдерді бағалау және басқарушылық шешімдер қабылдау.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Жер кадастры және жер мониторингі
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер