Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы инновациялық технологиялар
Сипаттама: Пән өзекті экологиялық проблемаларды шешуге, тұрақты дамуды қамтамасыз етуге және табиғи ресурстарды қорғауға ықпал ететін озық технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді зерделеуге бағытталған. Курс қалдықтарды өңдеу, су ресурстарын қорғау, ластануды бақылау, экожүйелерді қалпына келтіру және климаттың өзгеруіне бейімделуді қоса алғанда, экология саласында инновациялық шешімдерді енгізудің теориялық негіздерін де, практикалық аспектілерін де қамтиды.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Тұрақты дамудың экологиялық мәселелері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Қоршаған ортаның ластануын болдырмау және азайту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және өндірістің экологиялық тиімділігін арттыру үшін заманауи инновациялық технологияларды қолдану бойынша білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Міндет
- заманауи экологиялық технологиялар мен ең үздік қолжетімді техникаларды (ЕҚТ) зерделеу; таза өндіріс және циркулярлық экономика қағидаттарын меңгеру; атмосфералық шығарындылар мен ағынды суларды тазарту технологияларын зерделеу; қалдықтарды қайта өңдеудің заманауи әдістерін қарастыру; жаңартылатын энергия көздерін, биотехнологияларды және жаңа экологиялық материалдарды зерделеу; цифрлық экологиялық мониторингті, ГАЖ және Жерді қашықтықтан зондтау әдістерін меңгеру; тиімді табиғат қорғау технологияларын таңдау және бағалау дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Заманауи инновациялық экологиялық технологияларды, ЕҚТ қағидаттарын, ресурстарды үнемдеу мен циркулярлық экономиканы, шығарындылар мен ағынды суларды тазарту, қалдықтарды қайта өңдеу әдістерін, жаңартылатын энергия көздерін және цифрлық экологиялық мониторингті білу және түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Экологиялық мәселелерді талдау, тиімді инновациялық табиғат қорғау технологияларын таңдау, олардың экологиялық тиімділігін бағалау және практикалық міндеттерді шешуде алған білімдерін қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Экологиялық мәселелерді бағалау және инновациялық табиғат қорғау технологияларын олардың экологиялық, технологиялық және экономикалық тиімділігін ескере отырып таңдауды негіздеу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Экологиялық мәселелер мен инновациялық табиғат қорғау шешімдерін дәлелді түрде ұсыну және талқылау, кәсіби және командалық жұмыста тиімді қарым-қатынас жасау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Жаңа экологиялық технологияларды өз бетінше меңгеру, заманауи ғылыми-техникалық ақпаратты талдау және алған білімдерін кәсіби даму мен экологиялық мәселелерді шешуде қолдану.