Инженерлік-геологиялық ізденістер
Сипаттама: Мақсаты: инженерлік-геологиялық жағдайларды бағалау бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру. Пәннің сипаттамасы: пән тау жыныстары мен жерасты суларының қасиеттерін, инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларды, сондай-ақ оларды зерттеу және бағалау әдістерін қарастырады. Оқыту нәтижесі: білім алушы инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізуді, алынған деректерді интерпретациялауды және оларды инженерлік міндеттерді шешуде қолдануды меңгереді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Жалпы және тарихи геология
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Инженерлік геология пәні бойынша негізгі теориялық білімдерді салу. Студенттерді қазіргі инженерлік геология теориялық аспектілерімен, инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық ерекшеліктерін белгілеу мәселелермен таныстыру.
Міндет
- Студенттермен маңызды қолданбалы геологиялық ғылымдар туралы білім алу: инженерлік геология және гидрогеологиядан – литосфераның жоғары бөлігі құрылыстармен байланысты. Тау жыныстардың физика–механикалық және су–физикалық қасиеттерін зерттеу. Құрылыс жұмыстар кезіндегі инженерлік –геологиялық зерттеулерді оқу. Жер асты сулардың ағу заңдылықтарын, қалыптасуын, жатыс шарттарын және пайда болуын зерттеу. Жер асты сулармен куресу және зиян инженерлік –геологиялық құбылыстармен танысу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Топырақтардың физика-техникалық қасиеттерінің қалыптасуы, топырақтардың физика-техникалық қасиеттерінің көрсеткіштері, грануллометриялық құрам, топырақтардың физикалық қасиеттері, сумен әрекеттескенде топырақты және құмды топырақтардың куйі, топырақтардың инженерлік мелиорациясы, топырақтарды зерттеу зертханалық әдістері, мору факторлармен байланысты, жер бетіндегі және астындағы сулармен байланысты эолдық процесстер.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Инженерлік –геологиялық зерттеулерді өткізу білу; сынамаларды алу және топырақтарды зертханада зерттеу; инженерлік құрылыстарға әсер ететін геологиялық процесстер және олардың құрылыс орнын анықтау; инженерлік –геологиялық карталарды талаптарғ сәйкес сызу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Берілген нженерлік –геологиялық тапсырыстарды шешу ушін технологияларды, құрал жабдықтарды таңдау білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Ұжымда сапалық жұмыс істеу; өзі және жұмысшылардың жұмыс уақытын жоспарлай білу; және де моральді қалыптарды сақтай білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Қажеті мәліметті жинау және жуйелеу білу.