Маркшейдерлік сызу

Окасова Анар Даулетбековна

Оқытушының портфолиосы

Медведева Елена Валерьевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс көлемінде студент қарындашпен, рейсфедермен, сурет қаламымен, қылқаламмен және акварельмен сурет салудың негізгі ережелері мен әдістерін меңгереді. Өндірістік - техникалық объектілердің, пайдалы қазбалардың, тау жыныстарының тау-кен сызбаларында қаріптерді, топографиялық шартты белгілерді құру және шартты графикалық белгілерді орындау қағидаларын зерделейді.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Геодезия

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Кен орындарын игерудің барлық кезеңдерінде тау-кен-графикалық құжаттаманы ресімдеу және толықтыру кезінде болашақ мамандарға қажетті топографиялық сызбаларды оқи білу және практикалық дағдыларды игеру.
Міндет
  • Топографиялық жоспарлар мен карталарды салу технологиясы, безендіру әдістері туралы дағдыларды игеру және сызу керек-жарақтарын, аспаптар мен материалдарды пайдаланудың практикалық дағдыларын игеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттерін, тау массасының жағдайын басқару әдістерін, жобалық құжаттардың мазмұнын, инженерлік жобалау тәсілдерін, жобалауды ұйымдастыру түрлерін, жалпы принциптерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Жобалаудың автоматтандырылған құралдарын қолданып және нормативтерге, техникалық шарттарға және де басқа нормативтік құжаттарға сәйкес жобалық және технологиялық құжаттарды рәсімдеу және жобалық-құрылымдық жұмыстарды орындай білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жобалау-құрылымдық жұмыстарын орындау, өз бетімен жобалау, геологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымның мүшесі немесе жетекшісі ретінде тиімді жұмыс істей білу, жұмыс нәтижесіне жауапкершілікті іске асырушы және тау-кен ісі кәсіптік мәселелерді шешу үшін, ақпараттарды алудың, өңдеудің және сақтаудың негізгі әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Зерттеулерді жүргізуге қолданыстағы әдістерді жетілдіру және алдыңғы қатарлы әдістерді ендіру, тау-кен саласындағы ғылыми техникалық үдеріс жетістіктерін пайдаланып техника және технологияларды жетілдіруге мобильді және қабылдау дағдысын арттыру.