Маркшейдерлік-геодезиялық өлшеулерді автоматтандыру
Сипаттама: Курс тау-кен кәсіпорнының маркшейдерлік қызметінің ағымдағы міндеттерін шешу үшін қазіргі заманғы автоматтандырылған маркшейдерлік-геодезиялық кешендер мен арнайы ақпараттық бағдарламаларды пайдаланып, карьерлер мен шахталарда пайдалы қазбаларды игеруде маркшейдерлік жұмыстарды автоматтандырудың қазіргі заманғы деңгейін зерделеуді қарастырады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Геодезия
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Маркшейдерлік-геодезиялық өндірістің технологиялық процестерін автоматтандырудың заманауи әдістері мен құралдарын зерттеу және игеру.
Міндет
- Студенттердің білім деңгейін біліктілік сипаттамасымен сәйкестікке жету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- тау-кен кәсіпорындарындағы маркшейдерлік жұмыстарды автоматтандыру тұжырымдамасы туралы; маркшейдерлік жұмыстарды орындауға арналған қазіргі заманғы маркшейдерлік-геодезиялық, фотограмметриялық, гироскопиялық, ультрадыбыстық аспаптар туралы; қазіргі заманғы автоматтандырылған маркшейдерлік-геодезиялық өлшеу жүйелерінің принциптік құрылымы туралы; кәсіби бағдарламалық өнімдердің жіктелуі туралы түсінік болуы керек.;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- мамандандырылған бағдарламалық өнімдерде жұмыс істеу дағдысы болу; объектілердің үш өлшемді модельдерін құру (жергілікті жер, карьерлер, тау-кен қазбалары, ғимараттар мен құрылыстар және т. б.) және оларды пайдалана отырып маркшейдерлік міндеттерді шешу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Технологиялық, картографиялық, ғылыми-зерттеуге және өндірістік қызметінің мақсаттары үшін геодезиялық және маркшейдерлік ақпаратты жинақтауға қабілеттілігі
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Ұжымдық басқаруда ғылыми-зерттеулер мен жобалау жұмыстарын ұйымдастыру іскерліктері мен дағдыларын тәжірибиеде пайдалану қабілеттілігі
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Геодезиялық аспаптармен, жабдықтармен және құралдармен, геодезиялық жұмыстарын орындаудың компьютерлік технологиясымен жұмыс дағдылары.