Маркшейдерлік істің негіздері

Апшикур Байтак

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс тау-кен жұмыстарының пландарын жасау мақсатында шахталар мен карьерлердің кен қазбаларын түсіру өндірісінің әдістері мен тәсілдерін, сондай-ақ кен орнын барлау, тау-кен кәсіпорнын салу және пайдалы қазбаны игеру кезінде туындайтын әртүрлі инженерлік-техникалық міндеттерді шешу үшін арнайы түсірулер мен жұмыстарды зерттейді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Геодезия

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Маркшейдерлік тірек және түсіріс торларын тұрғызу бойынша техникалық талаптармен нұсқаулықтарды оқу, ашық және жер асты тау-кен орнын өңдеу барысындағы түсіріс, пайдалы қазбаларды қазу бойынша мекемелер құрылысы (реконструкциясы) барысындағы маркшейдерлік жұмыстар, маркшейдерлік құжаттарды жүргізу және құрастыру, сондай-ақ алған білімдерін практикалық меңгеруі
Міндет
  • "Маркшейдерлік іс негіздері" пәнін оқу міндеттері: - Мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарына сәйкес, студенттің өз біліктілігіне сай келетін міндеттерді шешуге кәсіби даярлығын қалыптастыру;
  • -өнеркәсіптік алаңдарда маркшейдер-геодезист жұмысының ерекшелігін игеру;
  • - бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізудің теориялық біліміне ие болу;
  • - шахталар мен карьерлердің өнеркәсіптік алаңдарында геодезиялық өлшеудің заманауи технологиялары мен әдістерін қолдануды оқу;
  • - шахталар мен карьерлердегі жұмыстарда қолданылатын дәстүрлі және заманауи жабдықтарды пайдалануды зерттеу;
  • - зерттелген өлшеу әдістерін іс жүзінде қолдану дағдысын қалыптастыру;
  • - МЕМСТ талаптарына жауап беретін материалдарды камералдық өңдеуді орындауды үйрену;
  • - маркшейдерлік-графикалық құжаттаманы ресімдеуді оқу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Математикалық, жаратылыстық, гуманитарлық және экономикалық ғылымдар облысында жалпы білім беру және базалық пәндер циклінде түсінігі және базалық білімге ие болуы.
  • Жобалық –конструкторлық жұмыстарды орындауды және жобалық және технологиялық құжаттарды сәйкесті стандарттарға, техникалық шарттарға және басқада нормативті құжаттар шартында, оның ішінде жобаны автоматтандыру құралын пайдаланып орындауды білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қазіргі заманғы техникалармен жұмыс істеу дағдыы болуы, кәсіптік әрекеті шеңберінде ақпараттық технологияларды пайдалана білуі.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Кәсіпорындарда тау-кен-маркшейдерлік жұмыстарды жақсартуға ықпал ететін тиісті заманауи технологияларды, ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, маркшейдерия саласындағы дағдыларды қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Келісіммен, өз пікірін ұжымның пікірімен байланыстыру және командада жұмыс істей білу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, жаңа шешімдер ұсыну қабілетіне ие болу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Кәсіптік және жеке тұлға ретінде өзін жетілдіруге ұмтылу, және кәсіптік әрекетімен қатар магистратураны жалғастыру, қазіргі заманғы ақпарат ағына ориентир жасауға дағдысы болуы және динамикалық өзгерістерге ұшырап отыратын құбылыстармен әлемдік нарыққа бейімделе білуі.