Кенді және кенді емес кенорнындарын жер асты қазбалау технологиясы
Сипаттама: Пән жерасты тау-кен жұмыстары процестерін ұйымдастыру және басқару дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді, бұл тау-кен жабдықтары кешендерімен тығыз байланысты қазу жүйелерінің жекелеген элементтері туралы көлемдік визуалды түсінікті дамытады. Пәнді оқу рудалы кен орындарын жерасты тәсілімен игерудің әртүрлі өндірістік кезеңдерінде орындалатын процестер туралы білімнің болуын көздейді. Бұл әрі қарай ашу, дайындау жүйелерін және қазу жүйелерінің нұсқаларын терең әрі тиімді зерделеуге, техникалық-экономикалық көрсеткіштерді есептеуге, сондай-ақ таңдау немесе жетілдіру мақсатында бағалау жүргізуге мүмкіндік береді.
Кредиттер саны: 8
Пререквизиты:
- Тау-кен өндірісінің негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 45 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 45 |
| СӨЖ | 120 |
| курстық жоба | |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Курстық жоба |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Студенттерге кенді және кенсіз пайдалы қазбаларды жерасты игеру технологиясы пәнін оқытудың мақсаты тау-кен өндірісінің қазіргі жағдайы, жерасты алу, қоршаған ортаны қорғау, арнаулы алу әдістері және қай бағытта дамуы туралы түсініктері білу керек.
Міндет
- - Қазіргі заманға сай тау – кен өндіру өнеркәсіптерінде қолданылатын, сонымен қатар өндірісте апробациядан өткен, қазіргі заманға сай шығарылған тау машиналары мен жабдықтарының техникалық сипаттамалары және конструктивті қабілеттілігі, жұмыс процестері, қондырғылары, классификациясы қолдану аймағы, қызметі қарастырылған.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- - Тау—кен кәсіпорнындағы кенорнын қазу жүйелері; Жерасты және ашық алудағы механикаландыру жабдықтары; Негізгі тау- кен технологиялық есептеуді үйрену;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- - Кенді және кенсіз пайдалы қазбаларды жерасты игеру технологиясы пәні бойынша баяндамалар жазу, көрнекі материалдар дайындай алу; - Тау- кен жұмыстары туралы түсініктеме, пайдалы қазбалардың жатыс сипаттамалары жайлы ұғым. - Қазбаларды жүргізудің технологиялық үдірістері;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- – тау-кен ісіндегі жаңа және орнықты жетістіктерді қолдана білу; – өндірістік жағдайларында ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді таба білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- – ғылыми және арнайы кен ісі жайындағы білімі негізінде тау-кен ісі жұмыстарының міндеттерін формулировкалау; – кәсіби қызмет саласында негізгі заңдарды жақсы білу қабылеті, зерттеу жүргізу кезінде үлгілеу, математикалық талдау әдісі, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- - Техника- экономикалық көрсеткіштерді білу; Тау- кен технологияларын, қазіргі пайдалы қазбалы кен орындарын алудағы технологиялық бағыттары.