Тау жыныстары және процестерінің физикасы

Рагданова Алтынай Айбековна

Оқытушының портфолиосы

Малғаждаров Темірлан Маратұлы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән тау жыныстарының физикалық қасиеттері мен табиғи және техногендік факторлардың әсерінен болатын механикалық мінез-құлқын зерттеуге бағытталған. Пән аясында тау жыныстарының деформациялануы мен бұзылу заңдылықтары, тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде тау жыныстары массивінде өтетін физикалық процестер, сондай-ақ тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттерін тәжірибелік анықтау әдістері қарастырылады. Алынған білім тау-кен қазбаларының орнықтылығын талдау, тау жыныстары массивінің кернеулі-деформацияланған күйін бағалау және кенорындарын игерудің қауіпсіз әрі тиімді технологияларын негіздеу үшін қолданылады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Физика

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Білім алушыларда тау жыныстарының физикалық қасиеттері және тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде тау жыныстары массивінде өтетін физикалық процестер туралы білім қалыптастыру, сондай-ақ геомеханикалық міндеттерді шешу және кенорындарын қауіпсіз әрі тиімді игеруді қамтамасыз ету үшін тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттерін бағалау дағдыларын қалыптастыру.
Міндет
  • -тау жыныстарының физикалық және физика-механикалық қасиеттерін зерттеу; -әртүрлі факторлардың әсерінен тау жыныстарының деформациялануы мен бұзылу заңдылықтарын меңгеру; -тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде тау жыныстары массивінде өтетін физикалық процестерді зерделеу; -тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттерін анықтау және талдау дағдыларын қалыптастыру; -алынған білімді геомеханикалық міндеттерді шешуде және тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етуде қолдану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • 1. студенттер білу және түсіну қажет: тау жыныстары физикасының негізгі түсініктері және анықтамалары, тау жыныстарының физикалық қасиеттері, физикалық өрістердің тау жыныстарының қасиеттеріне әсері, тау жыныстары массивіндегі физикалық процестер, тау жыныстарының базалық физика-техникалық параметрлері, оларды анықтау әдістемелері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • 1. студенттің білім мен түсініктерді қолдануы: тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттерін зерттеуде, тау жыныстары мен массивінің қасиеттері мен жағдайларын бағыттап өзгертуде, тау жыныстарынң физика-механикалық параметрлерін тау-кен өндірісінің негізгі процесстерін есептеуде қолдана білуі қажет.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • 1. Сынақтардан қортынды жасау білу және сол қортындыларды қолдану білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • 1. тау-кен өндірісінің есептерін шешу үшін және өндіру процесінің технологиялық регламентін, олардың мәнін білу негізінде, іске асыру үшін ғылыми, инженерлік және ұйымдастырушылық потенциалы болуы қажет.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • 1. тау жыныстарының қасиеттерін зерттеудің жаңа әдістемелерін меңгеру қабілеті, технологиялық есептерді тау жыныстарының физика-мехникалық параметрлерінің әсерлерін ескеріп шешудің аясын кеңейту қабілеті, пәнаралық көзқарасты интегралдау қабілеті