Қолданбалы фотограмметрия

Рахымбердина Маржан Есенбековна

Оқытушының портфолиосы

Асылханова Жанна Александровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс аэрофототүсіру процесінің технологиясын, суреттің геометриялық және физикалық қасиеттерін, жеке сурет теориясын, суреттердің жұптары теориясын, сандық суреттердің фотограмметриялық өңдеу ерекшеліктерін оқып үйренуді қарастырады, сондай - ақ маркшейдерлік істегі аэро- және ғарыштық түсірістердің материалдарын қолданбалы пайдалануды қарастырады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Геодезия

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Аэро- және ғарыштық фотосуреттерді қолдану кезінде жазықтыққа орталық проекциядағы объектілердің бейнесін құру заңдылықтары туралы теориялық білімді алу.
  • Пландар мен карталарын құру және түзетудің қазіргі заманғы әдістерін оқу.
  • FOTOMOD бағдарламасында ғарыштық суреттерді өндеудегі тәжірибелік дағдыға ие болу.
Міндет
  • Пәннің теориялық негізін, техникалық терминдер мен түсініктерін; фотограмметриялық өлшеулердің, дешифрлеу мен олардың нәтижелерін өңдеудің жалпы принциптарын; фотограметриялық аспаптарды білу; аэро- және ғарыштық түсірістердің материалдары бойынша пландар мен карталарды құру технологиясын білу керек.
  • Әртүрлі инженерлік есептерді шешу үшін аэро- және ғарыштық түсірістердің материалдарын білікті пайдалану; фотограметриялық аспаптармен жұмыс істей алу; фотограмметриялық аспаптармен жұмыс істеу барысында алынған өлшеулерді өндеу; аэро- және ғарыштық фотосуреттерді дешифрлеу; фотосуреттерде өлшеулерді жүргізу және өлшеу нәтижелерді өңдеуді істей алу.
  • FOTOMOD бағдарламасында ғарыштық суреттерді өндеуді үйрену.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Фотограмметриялық өлшеулер үшін қолданылатын фотограмметриялық аспаптарын білу, ақпаратты автоматтандырылған өндеу кезінде есептеуіш техникасын және құралдарын білу, олардың нәтижелерін математикалық өңдеуді білу, сонымен қатар карталарды құру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Заманауи технологияларды қолданып тау-кен жұмыстарды маршейдерлік қамтамасыз ету кезіндегі фотограмметриялық жұмыстардың заманауи әдістерін және тәсілдерін қолдану қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Әртүрлі фотограмметриялық өлшеулер және оларды қолдану жағдайларының өндірісіндегі тәсілдері туралы қорытынды жасау, ақпаратты талдау қабілеті.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымның мүшесі немесе жетекшісі ретінде тиімді жұмыс істей білу, жұмыс нәтижесіне жауапкершілікті іске асырушы және тау-кен ісі кәсіптік мәселелерді шешу үшін, ақпараттарды алудың, өңдеудің және сақтаудың негізгі әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Фотограмметриялық құралдармен жұмыс істеу дағдылары, компьютерлік технологияларды қолданып фотограмметриялық жұмыстарды орындау дағдылары.
  • Зерттеу жүргізудің қолданыстағы әдістерін жетілдіріп, алдыңғы қатарлы әдістерді ендіру және тау-кен саласында ғылыми техникалық үрдістердің жетістіктерін пайдаланып, техника, технологияларды жетілдіруге қабылдау.