Тау-кен кәсіпорындарын пайдаланудағы ESG тәсілдері
Сипаттама: Пән студенттерде кенді және кенсіз кен орындарын жобалау, ашу, дайындау және пайдалану барысында ESG қағидаттарын (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) қолдану бойынша білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында экологиялық қауіпсіздік, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, өнеркәсіптік қауіпсіздік, әлеуметтік жауапкершілік және тау-кен кәсіпорындарының тұрақты дамуы талаптарын ескере отырып, кен орындарын ашу мен дайындаудың заманауи тәсілдері қарастырылады. Пәнді аяқтағаннан кейін студент ESG критерийлерін ескере отырып инженерлік шешімдерді бағалай алады, олардың экологиялық, әлеуметтік және экономикалық тиімділігін талдайды, сондай-ақ тау-кен кәсіпорындарын пайдалану кезінде тұрақты даму қағидаттарын қолданады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Тау-кен өндірісінің негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер