Ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау және жайылымды суару
Сипаттама: Бұл курс ауылдық жерлерді сумен қамту және жайылымдарды суару саласындағы негізгі білімді қалыптастырады. Ол ауылдық елді мекендер мен мал шаруашылығы фермаларының суға деген қажеттіліктерін, сумен қамту жүйелері мен схемаларын, оларды жобалау принциптерін, жайылымдарды суарудың нысандары мен әдістерін қамтиды. Гидравликалық есептеулер мен сумен қамту желілерін егжей-тегжейлі қарастыруға, сондай-ақ бойлық құбыр профильдерін салуға ерекше назар аударылады. Бұл курсты аяқтағаннан кейін студенттер сумен қамту және суару жүйелерін есептеу және жобалау, сумен қамту желілері үшін гидравликалық есептеулерді орындау және бойлық құбыр профильдерін салу бойынша практикалық дағдыларды игереді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Гидравлика және арна гидравликасы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- ауылдық елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесін жобалау және аумақты суландыру, сумен жабдықтау схемасы мен жүйесін анықтау, көзден су алу шарттары, сондай-ақ суды тазарту құрылысын жобалау туралы білім қалыптастыру.
Міндет
- ауылдық елді мекен суының есептік шығындарын анықтау; ауылдық елді мекеннің тұйықталған су құбыры желісінің гидравликалық есебін орындау; су алу құрылыстарын есептеу әдістемемен танысу; су құбыры желісінің деталировкасын әзірлеу және құдықтардың ерекшеліктері мен кестелерін жасау; су құбыры желісінің бойлық профилін құру; суландыру жүйесін жобалаудың міндеттерімен, нысандарымен және принциптерімен танысу аумағында.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Суландыру және ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау жүйелерін жобалау ерекшеліктерін, жер асты суларының түрлерін және олардан су алу тәсілдерін, жер асты су тоғандарын есептеу негіздерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Әр түрлі кәсіпорындардың ауылшаруашылық қызметі үшін суға деген қажеттілікті есептей білу, тұйықталған су құбыры желісінің гидравликалық есебін жүргізу, сумен жабдықтау жүйесіндегі реттеуші ыдыстардың сыйымдылығын анықтау, су құбыры желісінің егжей-тегжейін орындау, су құбыры желісінің бойлық профилін салу, сорғыш бекеттерінің қысымын анықтау дағдыларын меңгеру.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- білім алушылар терминологияны меңгеруі тиіс; өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру-басқару, жобалау және зерттеу қызметі үшін дайын болуы керек
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- топта жұмыс істей алуы керек
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесін және жайылымдарды суландыру жүйесін жобалау қабілеті.