Суару мелиорациясы
Сипаттама: Бұл курс ауылшаруашылық гидротехникалық мелиорациясы саласындағы білімді қалыптастырады. Курста топырақтың су режимдері, суару режимдерінің негізгі элементтері, суару әдістері мен оларды қолдану шарттары, сондай-ақ суару әдістері мен техникасы зерттеледі. Сонымен қатар курста суару жүйелерінің түрлері мен конструкциялары, оларды жобалаудың негізгі принциптері және заманауи суару машиналары қарастырылады. Бұл курсты аяқтағаннан кейін студенттер биоклиматтық әдісті қолдана отырып, дақылдарды суару режимдерін есептеу, құбырлы суару жүйелерін жобалау және суару суының сапасын бағалау бойынша практикалық дағдыларға ие болады. Алынған білім мен дағдыларды зерттеу жобаларындағы және суару жүйелерін жетілдіруге бағытталған жобалардағы нақты тапсырмаларға қолдануға болады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Гидравлика және арна гидравликасы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- «Суландыру мелиорациясы» пәнін оқудың мақсаты студенттерде, қоршаған ортаны сақтай отырып, егістіктерде ауылшаруашылық дақылдарының жоғары және тұрақты өнімдерін алуды қамтамасыз ететін топырақтың сулы, ауалы және қоректік тәртібін реттеу және құру сұрақтарын шешуде, кәсіби білімдерін және машықтарын қалыптастыру, сонымен қатар мелиорация бойынша білімдерін күрделі табиғи жағдайлардағы ауылшаруашылық саласындағы нақты мәселелерді шешуде қолдану.
Міндет
- Пәннің міндеті - студенттерді, ауылшаруашылық дақылдары үшін қажетті топырақтың сулы, ауалы және азықтық тәртібін қамтамасыз ететін суландыру мелиорациясын және суландыру жүйесінің түрін тәжірибе жүзінде дәлелдеуге үйрету; - мелиоративтік шараларды таңдау және дәлелдеуге арналған мәселерерді шешу міндеттерін дұрыс қоюға, қоршаған орта және инженерлік объектілер жағдайы туралы ақпараттарды алуға және өңдеуге үйрету;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- 1. С.И. Исабай, Ж.С. Мұстафаев, Қ.Қ. Мұсабеков, Н.Б. Ізбасов, Қозыкеева Ә.Т., Нұрабаев Д.М. Суғару мелиорациялары. Тараз, 2013.-416 б 2. А.С. Субботин, В,А. Хаустов Гидротехника и мелиорация Российский государственный гидрометеорологический университет, М:, 2006 г. 3. Н.Н. Дубенок, К.Б. Шумакова Практикум по гидротехническим сельскохозяйственным мелиорациям, М: Колос, 2008 г 4. Е.Д. Сабо, В.С. Теодоронский, А.А. Золотаревский Гидротехнические мелиорации объектов ландшафтного строительства, М:, 2008 г.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Суару мелиорациясының негізгі түрлерін, олардың қолданылу саласын, есептеулер жүргізу және суару жүйелерін жобалау қабілетін білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Суару мелиорациясы саласындағы міндеттерді шешу үшін ғылымның жаңа жетістіктерін қолдана білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері негізінде суару мелиорациясы саласындағы міндеттерді тиімді шешу қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Суару мелиорациясы саласындағы міндеттерді жеке, топ мүшесі немесе басшы ретінде тиімді шешу мүмкіндігі