Суды тасымалдау
Сипаттама: Бұл курс гидравлика, сорғы жабдықтары және су тасымалдау жүйелері саласындағы білімді қалыптастырады. Онда елді мекендердегі су тасымалдау жүйелері, сондай-ақ табиғи және ағынды сулармен жабдықтау және сорғы құрылыстары қарастырылады. Онда қысым мен ауырлық күшімен су тасымалдау процестері, сумен жабдықтау және кәріз желілерін есептеу принциптері және сорғы жабдықтарын таңдау, сондай-ақ инженерлік жүйелерде қолданылатын заманауи жабдықтар қарастырылады. Студенттер су тасымалдау жүйелеріне гидравликалық есептеулерді орындау, сорғы жабдықтарын таңдау және заманауи инженерлік шешімдер мен жабдықтар туралы білім алу бойынша практикалық дағдыларға ие болады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Гидравлика және арна гидравликасы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | 15 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| курстық жоба | |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пәнді оқытудың мақсаты-студенттердің қаланың инженерлік коммуникация жүйелерін есептеу және жобалау мәселелерінде кәсіби білімі мен дағдыларын қалыптастыру.
Міндет
- қалалардың тұрғын аудандарын сумен қамту, канализация, газбен қамту, жылумен қамту желілері мен жүйелерінің құрылысы туралы негізгі түсініктерді меңгеру; - студенттерді инженерлік желілер мен жабдықтарды, елді мекендерді сумен қамту, канализация, жылумен, газбен қамту ғимараттарын есептеу мен жобалаудың теориялық негіздеріне үйрету; - жобаланатын объект үшін инженерлік жүйелерді дұрыс таңдау мен конструкциялауға, инженерлік жүйелердің құрылымдық элементтерін және олардың қажетті жабдықтарын есептеуге үйрету; - инженерлік; - қоршаған ортаны қорғауды ескере отырып, инженерлік жүйелерді жобалаудың озық жетістіктері мен жаңа технологияларын меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- елді мекендердің сумен қамту және су бұру жүйелерін есептеудің негізгі әдістерін жобалау, құрылымын білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- су құбыры және су бұру желілерін есептеуді және тартуды білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- студенттердің сумен қамту және су бұру желілерін есептеу және жобалау мәселелерінде кәсіби дағдылары мен білімдерін қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Аралас мамандар командасында жұмыс істеу үшін сумен қамту және канализация желілерін есептеудің кәсіби дағдыларының болуы
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Су секторындағы жобаларды экологиялық негіздеу үшін сумен қамту және су бұру желілерін есептеу дағдысының болуы