Сорғыш бекеттері және су алу ғимараттары
Сипаттама: Бұл курс сорғы станцияларының түрлері, олардың жабдықтары, жобалау, есептеу және пайдалану принциптері туралы білімді қалыптастырады. Студенттер су алу құрылыстарының әртүрлі түрлерін, оларды қолдану шарттарын, орналасуын таңдау принциптерін және пайдалану ерекшеліктерін зерттейді. Курста сондай-ақ су алу құрылыстарын есептеу әдістері қарастырылады. Бұл курсты аяқтағаннан кейін студенттер сорғы станцияларын есептеу және жобалау, су алу құрылыстарын есептеу, жабдықты таңдау және сумен жабдықтау жүйесін жобалаудағы техникалық шешімдерді негіздеу бойынша практикалық дағдыларды игереді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Инженерлік білім беруге кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | 15 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| курстық жоба | |
| Қорытынды бақылау нысаны | |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Сорап бекеттерін және су алу ғимараттарын жобалау және пайдалану бойынша өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру-басқару, жобалау-құрастыру және зерттеу салаларындағы мамандарды дайындау.
Міндет
- - Әртүрлі сораптардың жұмыс істеу принциптерін және құрылымдарын, сумен қамту және канализация жүйелері сорап бекеттерінің құрылымдық ерекшеліктерін оқып, зерттейді. Сорап бекеттерінің негізгі және қосалқы қондырғыларын және су алу ғимараттарының негізгі элементтерін оқып зерттейді.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- сорап қондырғысының жұмыс істеу принципін және құрылымын білу және түсіну; сорап қондырғысына таңду жүргізуді білу және түсіну. сорап бекеті және су алу ғимараттарының орналасу конценпсиясын және олардың негізі көрсеткіштерін анықтай білу және түсіну
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Білімдерін және түсініктерін су өткізуші және канализациялық сорап бекеттерін және су алу ғимараттарын жобалауда және сорап бекеттерінің негізгі және көмекші қондырғыларын таңдауда қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Білім алушыларда сораптардың жіктелуі және қолданылуы бойынша және сорап бекеттері мен су алу ғимараттарының жобалануы бойынша пікірдің қалыптасуы
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- - Командада жұмыс істеуге қажетті коммуникативті қабілеттерді дамыту;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Соңғы жаңа жетістіктерді (қондырғыларды) сумен қамту және канализация сорап бекеттерін және су алу ғимаратарын жобалауда қолдану. Сорап бекеттерінің және су алу ғимаратының негізгі элементтеріне есептеу жүргізіп, жұмыстық сызбаларын құрастыра білу