Су сапасын жақсарту

Еремеева Юлия Николаевна

Оқытушының портфолиосы

Анапьянова Самал Багдатовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Бұл курс табиғи және ағынды сулардың құрамы мен қасиеттері, тазартудың және кейінгі тазартудың заманауи әдістері, сондай-ақ су мен ағынды суларды тазартудың технологиялық схемалары мен құрылымдары туралы білімді қалыптастырады. Онда табиғи және ағынды суларды тазартудың дәстүрлі және инновациялық технологияларының жұмыс принциптері, сондай-ақ негізгі технологиялық құрылымдарды есептеу әдістері қарастырылады. Бұл курсты аяқтағаннан кейін студенттер құрылымдарды таңдау және есептеу, табиғи және ағынды суларды тазартудың технологиялық схемаларын әзірлеу және суды тазарту мен ағынды суларды тазартудағы технологиялық шешімдерді негіздеу бойынша практикалық дағдыларға ие болады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Гидрохимия

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар 15
СӨЖО 30
СӨЖ 90
курстық жоба
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны курстық жоба

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәннің мақсаты студенттерде табиғи және лас суларды тазалау технологиясы сұрақтары бойынша кәсіби дағдылары мен білімдерін қалыптастыру; суды тазалаудың қазіргі, жоғары тиімділікті тәсілдерін таңдауда қабылданған шешімдерін негіздеу.
Міндет
  • Алған білімдерін табиғи және лас суларды тазалау бойынша сұрақтарды шешуде тәжірибелік қолдану
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Табиғи және төгінді суларды тазарту бойынша ғимараттарды жобалау кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі ережелерді, заңнамалық және нормативтік-техникалық актілерді білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Табиғи және төгінді суларды тазарту бойынша ғимараттарды жобалау кезінде тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты нормативтік-техникалық және нормативтік-экологиялық құжаттаманы әзірлеу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Табиғи және төгінді суларды тазарту жөніндегі ғимараттарды жобалау кезінде қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігіне байланысты әлеуметтік-экологиялық жүйелердің проблемалары туралы түсінікке ие болу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Өзінің өндірістік және қоғамдық қызметін кәсіби жүзеге асыруға және тіршілік қауіпсіздігі , қоршаған ортаны қорғау, табиғи және төгінді суларды тазарту жөніндегі ғимараттарды жобалау кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы әдістер мен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысуға
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Табиғи және төгінді суларды тазарту жөніндегі ғимараттарды жобалау кезінде пайдаланылатын схемаларды, аспаптарды, аппараттар мен жүйелерді әзірлеу және жобалау әдістемесіндегі білімді жетілдіру