Гидрология және ағысты реттеу
Сипаттама: Бұл курс өзен ағынының қалыптасу заңдылықтары және су объектілеріндегі гидрологиялық процестер туралы білімдерін дамытады. Курс өзен, көл, батпақ және жер асты суларының гидрологиясының негіздерін, ағынды реттеу әдістері мен тәсілдерін, су қоймаларының мақсаты мен рөлін қарастырады. Су шаруашылығының есептері, маусымдық және ұзақ мерзімді ағынды реттеу, су қоймаларының қауіпсіздігі, су тасқынынан қорғау шаралары зерттеледі. Курсты игеру нәтижесінде білім алушылар су шаруашылығы мен гидрологиялық есептерді орындауда, өзен ағынының қалыптасуы мен реттеу процестерін талдауда, су қоймаларының параметрлерін есептеуде практикалық дағдыларды меңгереді.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Гидравлика және арна гидравликасы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пәнді оқытудың мақсаты –студенттерге өзен ағынының факторы және түзілу заңдылықтары; өзен және көл режимдері; суағарлар мен суаттардың негізгі гидрологиялық сипаттамаларын өлшеу мен анықтаудың әдістері мен техникалық құралдары тураплы қажетті білім беру
Міндет
- Студенттерді гидромелиоративтік жүйелермен гидроқұрылымдарды жобалау мен пайдаануда теориялық негіздері мен инженерлік тәсілдерді пайдалануға, қабылданған нәтижелерді талдау мен бағалауға үйрету болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Өзен ағысы, өзен, көл, батпақтың су режимін қалыптастыру заңдылығы туралы меңгеру. Өзен бассейндерінің су теңгерімі, ағысты реттеу әдістері, негізгі гидрологиялық сипаттамасын есептеу әдістерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Су шаруашылығы саласындағы жобалау және зерттеу қызметтері, ұйымдастыру-басқару, өндірістік-технологиялық қызметтері үшін дайын болу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру-басқару, су шаруашылығы саласындағы жабалау мен зерттеу қызметтері үшін дайын болу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Су шаруашылығы саласындағы өндірістік-техникалық, ұйымдастыру-басқару, жобалау және зерттеу қызметтері үшін дайындау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Саладағы кәсіпорын өнімдеріндегі өзіндік құны мен бағаның құрылуы туралы түсінігін алу, олардың экономикалық маңызы, қағидасы және өндірістің әртүрлі жағдайында оларды анықтау әдістері мен су шаруашылығы қызметін іске асыру.