Заманауи жол материалдары

Аубакирова Зульфия Акылбековна

Оқытушының портфолиосы

Алимгазин Бакытбек Токенович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән студенттердің автомобиль жолдарын жобалау, салу, қайта құру, жөндеу және күтіп ұстау үшін заманауи жол-құрылыс материалдарын дұрыс және үнемді таңдауға дайындығын қалыптастырады. Ол үшін оқу бағдарламасында табиғи және жасанды материалдардың қасиеттерін жол жамылғысы конструкцияларында пайдалану кезінде, сондай-ақ автомобиль жолдарының элементтерін тиімді жөндеу және күтіп ұстау кезінде зерделеуге қатысты мәселелер кешені көзделеді.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Физика
  • Топырақ механикасы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар 15
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Жол-құрылыс материалдарының түрлері, оларды алу тәсілдері, әртүрлі жол-құрылыс материалдарының қасиеттері мен қолдану салалары туралы кәсіби білімді қалыптастыру, сондай-ақ осы білімді автомобиль жолдарын салудың өндірістік-технологиялық мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік беретін практикада қолдана білу.
Міндет
  • Бакалаврдың біліктілік сипаттамасына сәйкес құрылысшының қызмет саласына жататын барлық бөлімшелердегі барлық лауазымдарда болашақта тиісті функционалдық міндеттерді табысты орындау үшін қажетті білім мен дағдыларды қамтамасыз ету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Инженерлік бағытқа арналған техникалық ғылым аумағында алынған базалық және арнайы білімді жұмыста қолдана білу қабілеттілігінің болуы. Жаңа материалдар мен қондырғыларды игеру қабілеттілігінің болуы.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Нәтижелерді өңдеумен және талдаумен берілген әдістемелер бойынша эксперименттер жүргізе білу, қолданылатын материалдар мен дайын бұйымдардың физикалық-механикалық қасиеттері мен технологиялық көрсеткіштерін анықтау бойынша стандартты сынау әдістерін қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жобалық шешімдердің техникалық-экономикалық негіздемесін жүргізе білу, өндірістік учаскелерді құру немесе қайта құру бойынша ұйымдастыру-жоспарлы есептерді орындау, қызметкерлердің және еңбекақы төлеу қорларының жұмысын жоспарлау, технологиялық жабдықтарды пайдаланудың прогрессивті әдістерін қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Техникалық құжаттаманы (жұмыс кестелері, нұсқаулықтар, сметалар, жоспарлар, материалдар мен жабдықтарға өтінімдер) жасауға, стандарттау, техникалық құралдарды, жүйелерді, процестерді, жабдықтар мен материалдарды сертификаттауға техникалық дайындау бойынша жұмыстарды орындауға, технологиялық процестерді метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, кәсіпорында сапа менеджменті жүйесін құру үшін құжаттаманы дайындауға дайындық.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ғылыми-техникалық ақпаратты, отандық және шетелдік тәжірибені жүйелі зерттеуге, патенттік зерттеулерді жүргізуге негізделген зерттеу қызметінің базалық әдістерін пайдалана отырып, инновациялық жобалармен жұмыс істеуге қатысу қабілеті.