Автожолдарын пайдалану
Сипаттама: Пән жол қозғалысының қауіпсіздігін, сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ететін автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану қасиеттері туралы білім алушылардың білімін қалыптастыруға бағытталған. Курс шеңберінде автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану күйінің көрсеткіштері, көлік құралдарының қозғалыс жағдайлары, автомобильдің жол жамылғысымен өзара іс-қимыл заңдылықтары, табиғи-климаттық және пайдалану факторларының жол құрылымдарының күйіне әсері зерттеледі. Автомобиль жолдарының деформациясы мен бұзылуының негізгі түрлері, олардың пайда болу себептері, техникалық күйін бағалау әдістері, сондай-ақ автомобиль жолдарын күтіп ұстау, жөндеу және пайдалану сенімділігін арттырудың заманауи технологиялары қарастырылады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Математика 2
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| курстық жоба | |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Курстық жұмыс, емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- «Автомобиль жолдарын пайдалану» пәнін оқытудың мақсаты – студенттерді автомобиль жолдарын пайдалану және автомобиль жолдарындағы қозғалысты ұйымдастыру саласындағы кәсіби дайындықты қалыптастыру. Автомобиль жолдарын пайдаланудың, жолдарды күтіп ұстау және жөндеу технологиясы мен уйымдастырудың теориялық негіздерін білу, жолдардың көліктік-эксплуатациялық жағдайын бағалау дағдыларын уйрену (іс жүзінде).
Міндет
- Пәннің міндеттері: жолды күту және жөндеудің теориялық негіздерін оқыту; жолды күту және жөндеудің негізгі әдістер мен технологиясын қолдануды уйрену және тәжірибе жинау; жолды күту және жөндеуге қажетті материалдар мен механизмдерді, жол қозғалысының қауіпсіздігіне арналған шаралармен танысу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Іске қосылатын жаңа жабдықты игеру, қолданыстағы технологиялық жабдықтар мен құрылыс-монтаж объектілері конструкцияларының техникалық жай-күйі мен қалдық ресурстарын тексеру, қажет болған жағдайда кәсіпорынның өндірістік учаскелерінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз ету қабілеті.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Пәнді оқу кезінде алған теориялық білімді кәсіби қызметте қолдану білу; өндірістік жағдайларда ұйымдастыру-баскару шешімдерін табу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Жобалық шешімдердің техникалық-экономикалық негіздемесін жүргізе білу, өндірістік учаскелерді құру немесе қайта құру бойынша ұйымдастыру-жоспарлы есептерді орындау, қызметкерлердің және еңбекақы төлеу қорларының жұмысын жоспарлау, технологиялық жабдықтарды пайдаланудың прогрессивті әдістерін қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Топпен жұмыс істеу үшін коммуникативтік қабілеттерді дамыту; ғылым мен техниканың инновациялық жетілген бағытын таңдау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Отандық және шетелдік тәжірибелерге, ғылыми техникалық ақпараттарға негізделген тәсілдерді қолдана отыра инновациялық жобаларға қатысу қабілеттілігінің болуы