Құрылыс өндірісінің технологиясы
Сипаттама: Бұл курс құрылыс жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлаудың негізгі қағидаттарына, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы көпірлер мен туннельдерді салу кезінде қолданылатын жалпы құрылыс процестеріне (мысалы, тасымалдау, жер қазу, бетон құю және құрастыру жұмыстары) арналған. Курсты аяқтағаннан кейін студенттер жұмыс процестерін жоспарлау және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы бойынша теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар құрылыс саласындағы кәсіби қызметті табысты жүзеге асыруға және құрылыс алаңдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қажетті практикалық дағдыларды да меңгереді.
Кредиттер саны: 8
Пререквизиты:
- Құрылыс материалдары
- Математика 1
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 45 |
| Практикалық жұмыстар | 45 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 120 |
| курстық жоба | |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | курстық жұмыс, емтихан (6B07305) емтихан (6B07501) |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Құрылыс процестерінің технологиясы, ұйымдастырылуы және жоспарлануы бойынша жүйелі білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру; технологиялық карталарды, күнтізбелік жоспарларды және құрылыс бас жоспарларын сапа, қауіпсіздік және заманауи цифрлық технологиялар талаптарын ескере отырып әзірлеу.
Міндет
- негізгі құрылыс процестері мен оларды орындау әдістерін зерделеу; еңбек нормалауы мен өнімділікті анықтауды меңгеру; машиналар, механизмдер және ұйымдастыру сұлбаларын таңдау; технологиялық карталар мен күнтізбелік жоспарларды әзірлеу; сапа және еңбек қауіпсіздігі талаптарын қолдану; BIM және цифрлық құралдарды пайдалану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Құрылыс өндірісі процестерін орындауға арналған нормативтік базаны, заманауи технологияларды, ғимараттар мен құрылыстарды салу әдістерін, сондай-ақ құрылыс машиналары мен материалдарын тиімді таңдау принциптерін білу және түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Құрылыс өндірісінің технологиялық процестерін ұйымдастыру және орындау кезінде нормативтік-техникалық құжаттама талаптарын ескере отырып, құрылыс материалдары мен конструкцияларын тиімді пайдалану, сондай-ақ заманауи құрылыс технологиялары мен механикаландыру құралдарын таңдау бойынша алған білімдері мен түсініктерін практикада қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Құрылыс-монтаждау жұмыстарының технологиялық процестерін талдау, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, сондай-ақ заманауи нормативтік құжаттар (ҚР ҚНмЕ) мен техникалық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, құрылыс алаңындағы өндірістік міндеттерді шешудің оңтайлы әдістерін таңдау бойынша дербес негізделген қорытындылар мен сужденияларды қалыптастыру қабілеті.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Кәсіби ортада және қоғамда құрылыс өндірісінің технологиясы мәселелерін талқылау кезінде өз ойын мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінде анық әрі дәл жеткізе білу.Құрылыс жобаларының қатысушыларымен (тапсырыс берушілермен, мердігерлермен, жобалаушылармен) тиімді өзара іс-қимыл жасау, командада жұмыс істей білу және өндірістік міндеттерді шешуде келіссөздер жүргізе алу.Нормативтік-техникалық, жобалық және технологиялық құжаттаманы кәсіби деңгейде құрастыру және көпшілік алдында қорғай білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Жұмыс өндіру тәсілдерін таңдауда нормативтік-техникалық құжаттаманы қолданады; қажетті технологиялық есептеулерді орындайды, машиналар мен механизмдерді, еңбек ресурстарын таңдайды және нақты құрылыс процесіне арналған технологиялық картаның негізгі элементтерін әзірлейді.