Энергетикадағы математикалық есептеулер және компьютерлік үлгілеу
Сипаттама: Пән студенттердің электр энергетикасы процестерін модельдеу үшін математикалық әдістерді, компьютерлік технологияларды және жасанды интеллект әдістерін түсіну және қолдану қабілетін дамытады, олардың мінез-құлқын талдауға және шешімдердің тиімділігін бағалауға үйретеді. Курс математикалық модельдеудің негіздерін, сандық талдау әдістерін және энергетикалық жүйелердегі жобалау, оңтайландыру және басқару есептерін шешу үшін арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді, соның ішінде ЖИ құралдарын қолдануды қамтиды. Оқыту нәтижесінде студент: электр энергетикасындағы негізгі модельдеу әдістерін біледі; энергетикалық процестердің математикалық модельдерінің жұмыс істеу принциптерін түсінеді; қолданбалы есептерді шешу үшін сандық және ЖИ әдістерін қолданады; модельдеу нәтижелерін талдайды; ұсынылған шешімдердің тиімділігін бағалайды; энергетикалық жүйелердің жұмысын оңтайландыруға арналған модельдерді әзірлеп және іске асырады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Инженерлік білім беруге кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- математиканы негізгі теориялық курс ретінде электр энергетика аумағындағы мамандардың жұмысында практикаға қолданумен байланыстырып, қолданбалы зерттеулерде нақты математикалық ақпарат беру
Міндет
- – студенттерді арнайы курста оқытылған теориялық сұрақтарды қабылдауға, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін қолданбалы тапсырмалардың әдістері мен жолдарын өздері қолдана білетіндей деңгейге жеткізу; – әртүрлі электр энергетикалық есептерді шешу үшін математиканы саналы түрде қолдануға, керекті әдістер мен амалдарды таңдау көмегімен нақты нәтижеге тезірек қол жеткізуге үйрету; – энерго жүйесінің қалыпты жұмыс істеу тәртібін есептеуге, статикалық және динамикалық тұрақтылықты, энергия жүйесінің тиімді жұмыс істеу тәртібін зерттеуге дағдыландыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Әртүрлі электр энергетикалық есептерді шешу үшін математиканы саналы түрде қолдана алу, керекті әдістер мен амалдарды таңдау көмегімен нақты нәтижеге тезірек қол жеткізуге үйрену
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Жоспарлау, жобаны жүзеге асыру кезіндегі көптеген критикалық жағдайда тиімді ізденуге, нәтижені болжауға, нұсқаны талдауға, жалпы таңдалатын нұсқа мәселесін шешетін әдістерді өңдеуге қатысу; математикалық бағдарламалау тапсырмаларын электр энергетика саласында дұрыс қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Өндірістік, тәжірибелік және зерттеу есептерін шешу үшін математикалық есептеулер мен компьютерлік моделдеуді; электр энергетиканың негізгі тапсырмаларын шешу әдістері мен жолдарын,математикалық бағдарламаның негізгі түсінігін білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Энергия жүйенің қалыпты режимін есептеуде математикалық әдістерді қолдануға қабілетті болу; статикалық және динамикалық тұрақтылықты зерттеу, алынған нәтижелерді өңдеп, талдау жасай білу;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Зерттеулер мен өңдеулер тиімділігін анықтауға, техникалық есептеулерді жүргізу әдістерін пайдалануға; математикалық бағдарламалау тапсырмаларын электр энергетика саласында дұрыс қолдануға; математикалық пакетті және бағдарламаны, жұмыс кезінде қазіргі заманауи компьютерлік техниканы қолдануға қабілетті болу