Электрлік материалтану және жоғары кернеу техникасы

Сарсенова Айжан Аскербеккызы

Оқытушының портфолиосы

Кунапьянова Арай Асылхановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән электротехникалық материалдардың қасиеттерін және асқын кернеу жағдайларында және оқшаулау режимдерінде электр жабдықтарының жұмыс істеу принциптерін зерттейді. Курста өткізгіштердің, диэлектриктердің, жартылай өткізгіштердің және магниттік материалдардың сипаттамалары, оларды сынау, диагностикалау және сапаны бақылау әдістері, сондай-ақ электр жүйелеріндегі оқшаулау, асқын кернеулер және электрлік тесілулер процестері қарастырылады. Метрологиялық қамтамасыз етуге, электр параметрлерін өлшеу құралдарына техникалық қызмет көрсетуге, электротехникалық материалдар мен жабдықтарды талдау және жетілдіру арқылы электр энергетикалық жүйелердің сенімділігін, тиімділігін және қауіпсіздігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Электромагнетизм

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны СОӨЖ 1 (тақырып 6)

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • «Электртехникалық материалтану және жоғары кернеулер техникасы» пәнінің мақсаты студенттердің материалтану және жоғары кернеу қондырғыларындағы асқын кернеу саласында теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Электр қондырғыларында қолданылатын материалдардың сипаттамалары мен қасиеттері бойынша білім алу. Аталмыш пәнді оқып үйрену барысында студенттерге оқшауламаның беріктігі мен асқын кернеу деңгейлерін бағалай білуді үйрету.
Міндет
  • Курстың міндеттері қазіргі заманғы электротехникалық материалдардың қасиеттерін, құрылымы мен жіктелуін және олардың негізгі сипаттамаларының электромагниттік өріс, жылу, ылғалдылық, химиялық орта және басқа да пайдалану факторларының әсерінен болатын процестермен байланысын зерттеу;
  • Жоғары кернеудегі электрлік қондырғыларды пайдалану кезінде туындайтын сыртқы және ішкі асқын кернеулер, жоғары кернеулі оқшаулама құрылымын сынау құралы және әдістері мәселелері аумағында білім алу;
  • Жоғары кернеу техникасының оқшауламаларына диагностика жүргізу әдістерін меңгеру; Қосалқы станцияны найзағайдан қорғауды қамтамасыз етуді, ішкі асқын кернеуді есептеу әдістерін және олардан қорғану амалдарын игеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Техника высоких напряжений. Учебное пособие. Борисов В.Н. – Алматы: АИЭС, 2011г.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Практикалық сабақтардағы жұмыс
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Коллоквиумның әртүрлі түрлері (ауызша, жазбаша, аралас, экспресс, т.б.)
  • Бақылау сұрақтары бойынша сұхбат
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Аралық бақылауға арналған тест түріндегі тапсырмалар
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Пәнді оқып үйренгеннен кейін студент элетр техникасында ары қарай қолданыс табатын материалдардың құрылымдары мен қасиеттерін анықтауды; негізгі терминологиялар, түсініктер мен анықтамаларды білу тиіс; заманауи электр техникалық материалдардың қасиеттері мен қолданыс аймағын білуді игеруі тиіс. Энергожүйенің сенімділігі дұрыс таңдау жасалған электр техникалық материалға тікелей қатысы бар екендігін түсінуі тиіс; ішкі және сыртқы асқын кернеулердің пайда болуын теориялық тұрғыдан білу; электр қондырғыларын асқын кернеулерден қорғау шараларын игеру.