Инженерлік білім беруге кіріспе
Сипаттама: Пән білім алушыларда энергетика саласындағы инженерлік қызмет туралы жүйелі түсінік қалыптастырады және энергияны өндіру, түрлендіру, тасымалдау және тұтыну үдерістерін, энергия үнемдеу, экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты даму мәселелерін қамтиды. Курс материалтану, отынды дайындау, механика, электротехника, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік этика және жобалау негіздерін қамтиды; оқыту CDIO инженерлік әдіснамасын қолдану, сондай-ақ академиялық жазу мен академиялық адалдық қағидаттарын сақтау негізінде жүзеге асырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылар энергетика нысандарын талдау, жобалау және қауіпсіз пайдалану үшін қажетті іргелі білім мен практикалық дағдыларды меңгереді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Физика. Мектеп курсы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | диф.сынақ |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Студенттердің өндірістік энергетика негіздерін, оның ішінде жылу және электр энергетикасын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың энергетикалық және технологиялық жабдықтарын дамыту бағыттарын оқып үйрену.
Міндет
- Пәнді оқу нәтижесінде студенттер өндірістік энергетикалық объектілер туралы, олардың жұмыс принциптері туралы, негізгі энергия көздерін оқып, энергия үнемдеу негіздерімен және оның өнеркәсіптік кәсіпорындарда даму перспективаларымен танысу керек.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Пәнді оқу нәтижесінде студенттер өнеркәсіптік энергетикалық объектілер туралы, олардың жұмыс принциптері туралы, негізгі энергия көздерін оқып, түсінуі, энергия үнемдеу негіздерімен және оның өнеркәсіптік кәсіпорындарда даму перспективаларымен танысуы тиіс.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Өнеркәсіптік энергетикасының технологиялық басқару нысандарыың түрлері Түрлік әдістемелермен есеп жүргізу. Техникалық тапсырмаларға сәйкес стандартты автоматизация жобалауларымен жеке бөлшектер мен құрамаларын жобалау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Өндірісте экологиялық қауіпсіздікті сақтау, экологиялық қорғау іс - шаралары мен өндірісте энергия және ресурс үнемдеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Жұмыс орындарын ұйымдастыруды, оларды техникалық жарақтандыруды, өндіріс технологиясына, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларына сәйкес технологиялық жабдықтарды орналастыруды білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Энергетикадағы технологиялық процестерді басқаруды ұйымдастыру. Өндірістік учаскелердегі технологиялық процестердің сапа менеджменті бойынша құжаттамаларды құру және өндірістегі экологиялық қауіпсіздіктің сақталуына бақылау жүргізу, Өндірістегі энергия және ресурс үнемдеу бойынша іс - шараларды әзірлеу және жүзеге асыру