Электротехниканың теориялық негіздері II

Сарсенова Айжан Аскербеккызы

Оқытушының портфолиосы

Кунапьянова Арай Асылхановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән электр тізбектеріндегі өтпелі процестерді, төртұштықтардың қасиеттерін және магниттік тізбектердің негіздерін зерттейді. Курста әртүрлі әсерлер кезіндегі электр тізбектерінің өтпелі режимдерін талдау әдістері, соның ішінде дифференциалдық теңдеулер мен Лаплас түрлендіруін қолдану қарастырылады. Сондай-ақ төртұштықтардың параметрлері мен сипаттамалары, магниттік тізбектердің негізгі ұғымдары мен есептеулері оқытылады. Пән электромагниттік және өтпелі процестерді талдау дағдыларын қалыптастырады, сондай-ақ энергетика саласындағы инженерлік есептерді шешу үшін математикалық аппаратты қолдануға үйретеді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Электромагнетизм

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар 15
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Электр және магнит тізбектеріндегі, сонымен қатар магнит өрісіндегі өтпелі және тұрақталған үрдістерді саны және сапасы жағынан оқып үйрену пәннің негізгі мақсаты болып табылады.
Міндет
  • ЭТН II курсының мақсаты мамандыққа тікелей қатысы бар пәндерді оқып үйрену кезінде магнит өрісі, элетр тізбектеріндегі тұрақталған және өтпелі үрдісті сандық және сапалық жағынан қарастыру бағытында кездесетін сұрақтарға дайындау пәннің негізгі міндеті болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Студенттер білуі тиіс: сызықты электр тізбектеріндегі өтпелі және тұрақталған үрдістерді есептеу тәсілдерін.
  • Параметрлері таратылған тізбектердің негізгі теңдеулері мен сипаттамаларын.
  • Сызықты емес және магнитті тізбектерді сараптау тәсілдерін.
  • Электр магнитті өрістер сипаттайтын негізгі қатынастарды.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Сызықтық электр тізбектеріндегі өтпелі процестерді есептеу әдістерін қолдану.
  • Таратылған параметрлері бар тізбектердің есептеулерін орындау және олардың негізгі сипаттамаларын анықтау.
  • Практикалық инженерлік есептерде сызықтық емес электр тізбектері мен тармақталған магниттік тізбектерді есептеу әдістерін қолдану.
  • Электр тізбектерінің және төртполюстіктердің жұмыс режимдерін талдау, сондай-ақ элементтер параметрлерінің олардың сипаттамаларына әсерін бағалау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Техникалық бақылаудың әдістері мен құралдары, бақылау және сапаны бақылау әдістері. техникалық есептеулер мен зерттеулер жүргізудің әдістері, нәтижелерді өңдеу тиімділігі. электр заңдары және электрлік және магниттік тізбектерді талдау әдістері.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Электрлік және магниттік тізбектерді есептеу мен талдау нәтижелерін кәсіби электротехникалық терминологияны қолдана отырып, ауызша және жазбаша түрде дәлелді түрде ұсыну.
  • Электротехниканың теориялық және практикалық міндеттерін шешу барысында оқытушылармен және білім алушылармен тиімді қарым-қатынас жасау, жеке және топ құрамында жұмыс істей білу.
  • Электротехника саласындағы инженерлік шешімдерді дайындау және ұсыну үшін ғылыми-техникалық әдебиеттер мен нормативтік құжаттарды пайдалану.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Пәнді оқу соңында студенттер одан әрі жұмыс істеу үшін қажетті білім мен дағдылардың көлемін алып, практикалық дағдыларға ие болуы керек.