Электротехниканың теориялық негіздері I
Сипаттама: Курс студенттердің тұрақты және айнымалы ток электр тізбектерінің заңдылықтары мен принциптері туралы негізгі білімдерін дамытуға бағытталған. Курс электр тізбектері, жүйенің негізгі элементтері, Ом және Кирхгоф заңдары, сызықтық электр тізбектерін талдау әдістері сияқты негізгі тақырыптарды қамтиды. Инженерлік қызметке қажетті электр тізбектерін есептеу мен модельдеудің практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылады. Курсты меңгеру нәтижесінде студент күрделілігі әртүрлі электр тізбектерін талдап, әртүрлі есептеу әдістерін қолдана алады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Электромагнетизм
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | 15 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан келесі тапсырмалардан тұрады: 1-теориялық сұрақ – 30 балл; 2-теориялық сұрақ – 30 балл; 1 есеп (тәжірибелік тапсырма) – 40 балл. |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Білім алушыларда тұрақты және айнымалы ток электр тізбектерінің теориясы саласында іргелі білімдер жүйесін, практикалық дағдылар мен кәсіби құзыреттерді қалыптастыру, электр тізбектерін талдаудың, есептеудің, модельдеудің және эксперименттік зерттеудің заманауи әдістерін меңгерту, оларды электр энергетикасы саласындағы инженерлік міндеттерді шешуде қолдануға және білім беру бағдарламасының арнайы пәндерін игеруге даярлау.
Міндет
- Тұрақты және айнымалы ток электр тізбектерінің негізгі заңдары мен есептеу әдістері бойынша білім қалыптастыру, сондай-ақ электр схемаларын құрастыру, электрлік өлшеулер жүргізу және олардың нәтижелерін талдау бойынша практикалық дағдыларды дамыту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Инженерлік есептерді шешу кезінде тұрақты токтың сызықтық электр тізбектерін, бір фазалы синусоидалы ток тізбектерін және үш фазалы электр тізбектерінің әртүрлі жұмыс режимдерін есептеу әдістерін қолдану.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Инженерлік есептерді талдау және шешу барысында тұрақты және синусоидалы ток электр тізбектерінің негізгі заңдары туралы білімді, сондай-ақ үш фазалы электр тізбектерін есептеу әдістерін қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Электрлік шамаларды өлшеуді орындау, өлшеу нәтижелерін талдау және түсіндіру, электротехникалық құрылғылардың параметрлері мен сипаттамаларын тәжірибелік жолмен анықтау, алынған нәтижелерді негіздеу және инженерлік қорытындылар жасау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Электр тізбектерін есептеу және эксперименттік зерттеу нәтижелерін дәлелді түрде ұсыну, ауызша және жазбаша кәсіби қарым-қатынаста электротехникалық терминологияны қолдану, инженерлік міндеттерді орындау барысында жеке және топ құрамында тиімді жұмыс істеу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Жаңа білімдерді өз бетінше меңгеру, электротехникалық пәндерді оқып-үйренуде заманауи ақпараттық және білім беру ресурстарын пайдалану, инженерлік міндеттерді шешу барысында кәсіби білімдері мен дағдыларын жетілдіру.