Жарықтандыру электр қоңдырғыларын жобалау
Сипаттама: Курс нормативтік талаптар мен энергия тиімділігін ескере отырып, заманауи электрлік жарықтандыру қондырғыларын жобалау бойынша білім мен дағдыларды меңгеруге бағытталған. Курс ішкі және сыртқы жарықтандыру жүйелерін құру принциптерін, жарықтандыру қондырғыларын есептеу әдістерін, шамдар мен жарық көздерін таңдауды қамтиды. Нормативтік құжаттар, жобалық бағдарламалық қамтамасыз ету және энергияны үнемдеу аспектілері қарастырылады. Курсты оқу нәтижесінде студент әртүрлі мақсаттағы электрлік жарықтандыру қондырғыларын жобалау және есептеулер жүргізе алады. Сондай-ақ жарықтандыру шешімдерін талдау және жарықтандырудың оңтайлы параметрлерін таңдау дағдылары дамиды.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Электротехниканың теориялық негіздері II
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәнді оқыту мақсаты электрлік жарықтандыру, жарықтандыру қондырғыларының түрлері, жарықтандыру және электрлік дизайнды дамыту саласындағы білімді талап ететін пән бойынша курстың шеңберінде электротехниканың кәсіби дайындығы болып табылады. Пәнді оқу мақсаты сонымен қатар мамандықтың басқа пәндерін оқып үйрену үшін қажетті теориялық негіздерді, электр жарықтандырудың электрлік және жарықтандыру техникалық бөлігін, жарықтандыру қондырғыларының жекелеген түрлерін жобалаудағы практикалық дағдыларды, ақпараттық материалдармен жұмыс істеу бойынша өзіндік жұмыс дағдысын меңгеру болып табылады.
Міндет
- «Жарықтандыру электр қондырғыларын жобалау» пәнінің міндеттері ішкі және сыртқы жарықтандыру жүйелерін жобалаудың қағидаттары мен нормативтік талаптарын зерделеу, жарықтехникалық және электротехникалық есептеу әдістерін меңгеру, жарық көздерін, шамдарды және электр жабдықтарын таңдау дағдыларын қалыптастыру, энергия тиімді және қауіпсіз жарықтандыру қондырғыларын жобалау, автоматтандырылған жобалаудың заманауи бағдарламалық құралдарын пайдалану, қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес жобалық құжаттаманы әзірлеу, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы сенімді, үнемді және заманауи жарықтандыру жүйелерін құру бойынша құзыреттерді қалыптастыру болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Жарықтандыру электр қондырғыларын жобалаудың негізгі ұғымдарын, терминдерін және қағидаттарын біледі. Заманауи жарық көздерінің, шамдардың және жарықтандыру жабдықтарының мақсатын, құрылысын және сипаттамаларын түсінеді.
- Ішкі және сыртқы жарықтандыруды жобалауды реттейтін нормативтік талаптар мен стандарттарды біледі. Жарық техникасының негіздерін және жарықтандыру параметрлерінің көру жайлылығына, қауіпсіздікке және энергия тиімділігіне әсерін түсінеді.
- Жарықтандыру қондырғыларының жарық-техникалық және электротехникалық есептеу әдістерін біледі. Жарық көздерін, шамдарды, кабельдік өнімдерді және жарықтандыру желілеріне арналған қорғаныс аппаратурасын таңдау қағидаттарын түсінеді.
- Жарықтандыру электр қондырғыларында сенімділікті, қауіпсіздікті және электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету талаптарын біледі. Энергия тиімді және интеллектуалды жарықтандыру жүйелерін жобалаудың заманауи тәсілдерін түсінеді.
- Жарықтандыру қондырғыларын жобалау және модельдеу үшін қолданылатын негізгі бағдарламалық құралдарды біледі. Тұрғын үй, қоғамдық, өнеркәсіптік және сыртқы нысандарға арналған жарықтандыру жүйелерін жобалаудың ерекшеліктерін түсінеді.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Ғимараттар, құрылыстар және аумақтардың жарықтандыру электр қондырғыларын жобалау кезінде жарық-техникалық және электр-техникалық есептеу әдістерін қолдану.
- Техникалық, экономикалық және пайдалану талаптарын ескере отырып, жарық көздерін, шамдарды, кабельдік өнімдерді және қорғаныс жабдықтарын таңдау.
- Жарықтандыру жүйелерінің жобаларын әзірлеу және олардың қауіпсіздік пен энергия тиімділігі талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде нормативтік-техникалық құжаттарды пайдалану.
- Жарықтандыру электр қондырғыларын жобалау және талдау үшін заманауи автоматтандырылған жобалау бағдарламаларын қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Энергия тиімділігі, қауіпсіздік, сенімділік және нормативтік құжаттар талаптарын ескере отырып, жарықтандыру электр қондырғылары бойынша жобалық шешімдердің тиімділігі мен негізділігін бағалау.
- Жарықтандыру жүйелерінің әртүрлі нұсқаларын талдау және салыстыру, әртүрлі мақсаттағы объектілер үшін оңтайлы техникалық шешімдерді дәлелді түрде таңдау.
- Жарық-техникалық және электр-техникалық есептеулер нәтижелерін сыни тұрғыдан бағалау, жобалық шешімдердің кемшіліктерін анықтау және оларды жетілдіру жолдарын ұсыну.
- Техникалық, экономикалық және экологиялық критерийлер негізінде жарықтандыру электр қондырғыларын жобалау кезінде инженерлік шешімдер қабылдау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Жарықтандыру электр қондырғыларын жобалау саласындағы жобалық шешімдерді негіздеп ұсына және қорғай білу, кәсіби терминологияны ауызша және жазбаша қарым-қатынаста қолдану, жарықтандыру жүйелерін әзірлеу барысында тапсырыс берушілермен, сабақтас мамандармен және жоба тобы мүшелерімен тиімді өзара әрекеттесу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Мамандықтың басқа пәндерін оқып-үйренуге қажетті теориялық негіздерді алу, электр жарықтандырудың электрлік және жарықтандыру техникалық бөліктерін, жарықтандыру қондырғыларының жекелеген түрлерін жобалаудағы практикалық дағдыларды, ақпараттық материалдармен жұмыс істеу бойынша өзіндік жұмыс дағдысын меңгеру.