Металлургиялық процестер мен жүйелердің физикалық химиясы
Сипаттама: Металлургиялық процестер мен жүйелердің физикалық химиясы» пәні металлургиялық процестердің термодинамикалық және кинетикалық заңдылықтарын зерттейді. Пәнде химиялық тепе-теңдік, фазалық түрленулер, тотығу-тотықсыздану процестері, металдардың, қождардың және газ фазасының өзара әрекеттесуі, сондай-ақ температураның, қысымның және жүйе құрамының металлургиялық реакциялардың бағыты мен жылдамдығына әсері қарастырылады.
Кредиттер саны: 5
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәннің мақсаты — білім алушыларда металлургиялық процестердің физика-химиялық заңдылықтары туралы білім қалыптастыру және металлургиялық реакциялардың жүру жағдайларын талдау, есептеу және негіздеу үшін термодинамика мен кинетика әдістерін қолдану дағдыларын дамыту.
Міндет
- Химиялық термодинамика мен кинетиканың негізгі заңдарын металлургиялық жүйелерге қатысты зерттеу.
- Термодинамикалық функцияларды, химиялық тепе-теңдікті және металлургиялық реакциялардың тепе-теңдік константаларын есептеу әдістерін меңгеру.
- Фазалық түрленулер мен тотығу-тотықсыздану процестерінің заңдылықтарын зерттеу.
- Металлургиялық жүйелер компоненттерінің: металл, қож және газ фазасының өзара әрекеттесуін қарастыру.
- Температураның, қысымның және жүйе құрамының металлургиялық процестердің бағытына, толықтығына және жылдамдығына әсерін бағалау дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Химиялық термодинамиканың, кинетиканың, фазалық тепе-теңдіктің негізгі заңдарын және металлургиялық процестер мен жүйелердің физика-химиялық заңдылықтарын білу және түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Химиялық термодинамика мен кинетика бойынша білімді металлургиялық процестерді талдауға, физика-химиялық есептеулер жүргізуге және жүйе параметрлерінің реакциялардың бағыты мен жылдамдығына әсерін бағалауға қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Физика-химиялық есептеулер нәтижелерін талдау және түсіндіру, металлургиялық процестердің термодинамикалық ықтималдығы мен кинетикалық ерекшеліктерін бағалау және негізделген қорытындылар қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Металлургиялық процестерді талдау және есептеу нәтижелерін ұсыну және негіздеп талқылау, кәсіби терминологияны дұрыс қолдану және қорытындыларды ауызша және жазбаша түрде жеткізу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Металлургиялық процестердің физикалық химиясы саласындағы жаңа білімді өз бетінше меңгеру және қолдану, оқу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, металлургиялық жүйелерді есептеу және талдау дағдыларын жетілдіру.