Инженерлік білім беруге кіріспе

Абдулина Сауле Амангельдыевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән металлургия саласы мен инженерлік жобалау негіздері туралы базалық білімді қалыптастырады. Студенттер металлургия өнімдерінің толық циклін, командалық жұмыс пен кәсіби этика принциптерін зерттейді. Курс білікті заманауи инженер-металлургті қалыптастыру үшін жобалық қызмет, жүйелі ойлау және кешенді технологиялық міндеттерді шешу дағдыларын дамытады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Химия. Мектеп курсы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны диф.сынақ
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Білім алушыларда металдарды алу, өңдеу және тазарту процестері туралы базалық білімді қалыптастыру, сондай-ақ металлургиялық процестердің физика-химиялық негіздерін түсіну.
Міндет
  • Металдар мен кендердің қасиеттерін зерттеу; негізгі металлургиялық процестерді меңгеру; процестердің термодинамикасы мен кинетикасын түсіну; металлургиялық өндіріс жабдықтарын зерттеу; металлургиялық процестерді есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Металлдардың техникалық қолданылуы және классификациясы
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Алынған білімдер және минералогиялық және химиялық құрамды талдау негізінде нақты шикізатты өңдеудің оңтайлы технологиясын таңдау қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Оқу процесінде білім алушыларда технологиялық процестердің өту заңдылықтары туралы тұрақты түсініктер қалыптасады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Қазіргі ақпараттық қоғамның дамуына байланысты ақпараттың мәні мен мағынасын түсіну, негізгі металлургиялық процестерді қарастыру кезінде, сондай-ақ онымен байланысты тәуекелдерді алдын ала ескеруді үйрену.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Алынған білім негізінде материалдық және энергетикалық баланс жасау, өңдеу өнімдерінің құрамын және шығымын есептеу, агрегаттың өнімділігін анықтау.